Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тұмауды алдын алу

Тұмау – вирус қоздыратын жіті респираторлы жұқпалы ауру. Ағымдағы жылы тұмау және ЖРВИ бойынша аурудың өршулері желтоқсан ортасына келіп тұр, аурың өршуінің ең қауіпті кезендері қаңтар айының соңы,ақпан айының басы.

Тұмау – бұл медициналық проблема ғана емес, ЖРВИ және тұмау ауруларының өсулері барысында 50% адам уақытша жұмысқа жарамсыз болып тіркеледі. Сондықтан да, жұмыс берушілер тұмау қарсы екпемен 50% жұмысшыларды қамтамасыз етулері қажет.

Тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы таралады (сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде). Жоғары тыныс алу жолдарының сілемейіне вирус түседі, кейін барлық ағзаға таралады.

Ауруды жұқтырғаннан кейін ауру 1-3 күнде таралады. Тұмауды жұқтырғандарда дене қызулары 40 градусқа дейін көтеріледі, адам қалтырап басы ауырады, көз ұяшығы ауырады, жарықтан қорқу басталады, денесі және сүйектері әлсізденеді, тамағы ауырып жөтел басталады, мұрын бітеді.

Қауіп төндіретін ол аурудың асқынуы, олардың ішінде вирустық пневмония, вирустық энцефалит және менингит, вирустық миоардит, ішектің вирустық зақымдануы – кішкентай балаларда ауыр түрде өтуі мүмкін. Тұмау ағзаға үлкен зияның тигізеді, созылмалы түрмен ауыратындарға ол өте қауіпті. Аурудың асқынуының басқа түрі созылмалы аурулардың асқынулары (бронхит, бронхиалды астма, қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі, пиелонефрит және т.б.). Тұмау әсіресе 2 жасқа дейінгі балалрда, асқынған түрде ауыратын адамдарда, қарт адамдарда ауыр түрде өтеді. Жүкті әйелдерде аурудың асқынуы түсік тастау немесе мерзімнен бұрын босану.

ЖРВИ және тұмау аурулары өсу барысында, адамдардың көп жүретін орындарға бармауға тырысу, тоңбауға тырысу, далаға шығар барысында мұрынға оксалин майын жағып шығу. Жиі бөлмедегі ауаны алмастыру, зарасыздандыру құралдарын пайдаланып ылғалды жиыстыру жұмыстарын жүргізу.

 

 

 


2018-10-03 09:09:12

Сондай-ақ оқыңыз