Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тіл мерекесі қарсаңында

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында 2018жылғы 17 қыркүйекте Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық басқармасында мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Тілге құрмет – елге құрмет!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны мен ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі. Көрме барысында басқармадағы тілге байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды. Өткізілген шара қазақ тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілді дамытуға атсалысуда, басқарма мамандарына патриоттық тәрбие беруде және кітапқұмарлыққа баулудағы маңызды шара болды.

 

 

 


2018-09-27 15:08:48

Сондай-ақ оқыңыз