Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Балалардың арасында туберкулезді алдын алу

Туберкулез ауруы әлемге кең таралған аурулардың санына жатады және тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді, әсіресе ол ағзасы әлсіз (дұрыс тамақтанбайтын, жиі суық тиіп ауыратын, сәйкес аурулардың болулары) болып келетін балаларға қауіпті. Балаларды диагностикалау өте қиынға соғады, туберкулезбен ауыратын балалар сирек жөтеледі және қақырық бөлмейді.

  1 және 14 жастағы балаларда туберкулезді анықтаудың тиімді әдісі ол туберкулиндиагностика.

Манту туберкулин сынамасы – бұл баланың ағзасында туберкулез таяқшаларын анықтайтын диагностикалық тест, ол зиянсыз, құрамында тірі микроорганиздері жоқ және қолданған дозасы баланың иммундық ағзасына кері әсер тигізбейді.

 Манту сынамасының нәтижесі 72 сағаттан соң қаралады, туберкулин еккен орыны ісіп қызарса онда ағзаға туберкулез инфекциясы түскен.

Баланың туберкулез таяқшасын жұқтырғаның немесе ауырып жүргенің анықтау үшін бұдан әрі тағы тексерілулері қажет (кеуде қуысының рентгені) нәтижесі бойынша баланың жағдайы туралы анықтама бере аламыз. Көрсетілген мерзімді созу асқынуларымен қауіпті: егерде бала туберкулезбен ауырса,  оның ауруы ерте кезеңде болса, ешқандай белгілері болмаса, уақытылы емделмесе, ауру асқынып кетуі мүмкін.

Туберкулезді алдын алуда негізгі орынды алатын ол екпе (бала туғаннан 3-4 күннен кейін)  және ревакцинация Бациллы Кальметта-Герена, туберкулез инфекциясына баланың ағзасына қарсы тұрады.

Бациллы Кальметта-Герена вакцинасы – тірі, туберкулез микобактериясының әлсіз штаммдарын құрамында сақтайды. Әлсіз микробтар ауруды туындатуға жол бермейді, сондықтан да осындай екпелер балаға қауіпсіз.

ҚР ДСМ 2017жылғы 25 желтоқсандағы №994 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында 1 сынып оқушыларына бірінші оқу айында (қыркүйек) ревакцинация жүргізіледі. Ревакцинация Манту сынамасы теріс нәтиже берген балаларға ғана жасалады.

   Балаларда туберкулезді алдын алудағы негізгі шаралардың бірі салауатты өмір салтын ұстану, толыққанды құнарлы тамақтану, үнемі физикалық белсенділік, толыққанды демалыс таза ауада, бөлмені үнемі желдетіп отыру.

   Балалардағы туберкулезбен күресу ол -ата-анаға байланысты болады, олардың қауіпті аурудан балаларын қорғау ниеттері бойынша.


2018-09-05 10:48:12

Сондай-ақ оқыңыз