Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Туляремия және алдың алу жолдары

Павлодар аймағы оның ішінде Ақсу өңірі туляремия бойынша белсенді табиғи ошақ болып табылады, жыл сайын адамдар ауру жұқтыруларына қауіп төндіретін қоршаған орта объектілерінен тулеремия культурасы бөлінеді.

Аталған инфекция өзекті болғандықтан 6 тамыздан бастап туляремияны алдын алу айлығы болып жарияланды.

Туляремия - лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Дерт қоздырғышы – франсиелла (Francisell tularensis) деп аталатын бактерия. Ауру қоздырғышы ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталады: суда, дымқыл жерде, бидайда, жүгеріде, азық-түлік өнімдерінде. 60 градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минуттан кейін өледі, зарасыздандыру құралымен өледі.

Туляремияны қайда және қалай жұқтырады? Табиғатта туляремиямен тек қана тышқандар, су тышқандары, ондатра, суыр, ғана ауырады, сезімтал болып келетіндер олар мысық және ит, жиі сезімтал болатындар олар адамдар.

Адамдар зақымданған дене терісі арқылы ауруды жұқтырады, жәндік шаққан кезде (кене, бүрге, маса және т.б.) тыныс алу жолдары арқылы. Ауруды қайнамаған құдық және табиғи ашық су көздерінен суды тұтынғанда, шаруашылықта пайдалану барысында (шөппен, комбикорммен, қоқыспен жән т.б.) кеміргіштердің нәжістерімен уланған азық-түлік өнімдерің пайдаланғанда жұқтырулары мүмкін.

Аңшыларға қауіп төндіретін ауру жануарлар аңдарды бөлшектеп және терісін сыдырған кезеңде, зақымданған дене терісі арқылы қоздырғыш адам ағзасына енуі мүмкін.

Өзіңді туляремия ауруынан қалай қорғау керек?

Ең тиімді шара – 5 жыл бойы қорғайтын, профилактикалық екпе алу.

Қан сорғыш жәндіктерден және кенелерден қорғану үшін жеке қорғану құралдарын сақтану қажет- репелленттер, қорғаныс құралдары, торлар.

Бөлмеде кеміргіштер жүрген кезде, оларды құртуға дереу шаралар қолдану қажет. Ауланың және бақша телімдеріндегі тазалықтарды қадағалап отыру қажет, тамақ қалдықтары және қоқыстар қатаң бөлек жерде сақтау қажет, қақпақтары жабылатын қоқысжинайтында.

Өнімдерді кеміргіштер жүрмейтін орындарда, ауыз суды жабық ыдыстарда сақтаған жөн.Кеміргіштердің іздері қалған азық-түлік өнімдерін тұтынбау, кеміргіштермен зақымданған (нәжіс қалған, кеміріп тастаған) саңырау құлақ жинау. Ішуге тек қайнаған суды пайдалану қажет.

Ауа-шаң жолдарымен ауруды жұқтыру жолдарын болдырмау үшің, шаң тозаңмен байланысты жұмыстар барысында қорғаныс заттарын пайдаланған жақсы: респираторлар, қолғаптар.

 


2018-08-23 17:23:48

Сондай-ақ оқыңыз