Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Лептоспироз және алдың алу жолдары

   Ағымдағы жылы облыста лептоспироз ауруы бойынша қолайсыз жағдай туындады. 2018Жылғы бірінші жартыжылдықта Павлодар облысында адамдар арасында лептоспироздың 4 жағдайы тіркелді оның ішінде Қашыр ауданы-2, Ақтоғай ауданы -2. Ақсу өңірінде эпидемиологиялық жағдай қолайлы, лептоспироз ауру жағдайлары тіркелген жоқ.

  Лептоспироз – бауырды, бүйректі, жүйке жүйесін зақымдайтын табиғи ошақтық жұқпалы ауру. Жиі геморрагиялық және сары аурудың белгілері сияқты басталады. Ауруды жұқтырып бірінші клиникалық белгілері байқалғанға дейін бір күн немесе бір айға жуық уақытты қажет етеді.

   Табиғатта лептоспирозды таратушы көздері (тышқандар, егеуқұйрықтар, сұр тышқандар) және жәндіктер мен сүтқоректілер (кірпі т.б.). Ауруды таратушы көзі болатындар ауылшаруашылық жануарлары  (доңыз, қойлар, ешкілер, сиырлар, жылқылар), иттер. Кеміргештер ауруды зәрмен бөліп лептоспироз ауруының асқынған түрімен ауырады. Адамнан лептоспироз ауруын жұқтыру мүмкін емес.

   Лептоспироз фекалды-оралды механизмі арқылы, су арқылы таралады. Байланыс және өнімдер арқылы ауру таралуы мүмкін. Адам лептоспироз ауруымен слекей немесе дене терісінің микро жарақаттары арқылы ауруды жұқтырулары мүмкін. Ауру бактериялармен ластанған суға түсу барысында (суды жұтқанда), ауылшаруашылық жануарларымен жұмыс істеген жағдайда жұқтырулары мүмкін.

Белгілері қалай байқалады?  Инкубациялық кезең 4 күннен 14 күнге дейін созылады (жиі 7-9 күн). Ауру жіті түрде басталады, қалтырап, ден қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі , көз қызарады (көзге бірдене түсіп кеткендей сезіледі), бас қатты ауырады, ұйқы қашады, тәбет жоғалады, ауыз кебеді. Негізгі белгілері бұлшықеттер қатты ауырады, әсіресе сан және белдің бұлшық еттері. Бауыр мен көк бауырдың өсуі байқалады. Аурудың екі түрі бар сарғайып немесе сарғаюсыз, соңғысы өте қауіпті. Лептоспироз ауруын алдын алуда аса маңызды :

–                   үй және ауылшаруашылық жануарларына екпе жасау;

–                   кеміргіштердің дамып таралуларын болдырмау (қалалық объектілерде, ауылшаруашылықтарда дератизация жүргізу);

–                   лас суларда суға түспеу, әсіресе ол жерлерде егеуқұйрықтар болса;

–                   жер, топырақпен жұмыс істегенде резеңке етік пен перчатки киіп жұмыс істеу қажет;

–                   ашық су көздерінен суды ішпеу;

–                   кеміргіштерден азық-түлік өнімдерін сақтау;

–                   жануарлармен жұмыс істейтіндерге немесе лептоспироз бойынша эпидемиялық ошақтағы тұлғаларға екпе жасау.


2018-08-17 17:48:41

Сондай-ақ оқыңыз