Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сапалы ауыз су туралы

Су адам денсаулығы үшін маңызды әсер етуде. Өзін жақсы сезіну үшін, адам тек сапалы, таза ауыз су пайдалану қажет. Көне ертеден адамдар «тірі» пайдалануға болатын суды «өлі» пайдалануға болмайтын судан айыруды білген. Ғалымдармен адамның өмір ұзақтығы тікелей ауыз судан тәуелді болатының белгіленген. Ол таңғалатын нәрсе емес, Денсаулық сақтау бүкіл әлемдік ұйымының деректері бойынша адам аурулардың 90 пайызы ауыз су мұқтажы үшін, сондай ақ тұрмыстық мақсатты үшін (душ, ванна, бассейн, ыдыс аяқ жуу, кір жуу және т.б.) сапасыз су пайдаланғанымен пайда болғаны белгіленуде. Қазіргі таңда ауыз суының сапасы жөнінде мәселелер өз күшін жойған жоқ.

Біз пайдаланатын су міндетті түрде таза болу қажет. Ластанған су арқылы берілетін аурулар денсаулықтың нашарлауына, мүгедектікке немесе өлімге келтіру мүмкін. Су көздерінің ластанғаны нәтижесінде адамға іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, анкилостомоз тәрізді аурулар жұғу мүмкін.

Су арқылы жұқпалы сары ауру, туляремия, су безгегі, бруцеллез,, полиомиелит жұғу мүмкін. Жиі су жануарлар паразиттері – құрттармен зақымдану көзімен болуда. Кейде су арқылы жұқа ішек пен бауырға зақым келтіретін лямблиялармен зақымдану мүмкін болуда.

Ауыз су эпидемиологиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы зиянсыз, және жағымды органолептикалық қурамдары болу қажет.

Құрметті тұтынушылар, өз денсаулықтарыңызды сақтау үшін тек таза суды пайдаланыңыз!

 

 


2018-07-27 16:03:29

Сондай-ақ оқыңыз