Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы Ақсу қаласында ««Нитраттарсыз жаз» атты ұранымен айлықтың өткізілуі туралы

         Адам ағзасы жемістермен көкөністер құрамындағы дәрумендерді тұрақты түрде пайдалануға қажеттілікті сезінеді. Бірақ базарларда Оңтүстік Қазақстан өңірінен және көршілес республикаларданәкелген алғашқы жеміс-жидектер мен көкөністер пайда бола бастаған кезде, санитариялық дәрігерлер дабыл қаға бастайды.

Бұл өте жиі дәл "Оңтүстік" жемістер мен көкөністер құрамында нитраттар және пестицидтер сияқты адам денсаулығы үшін көптеген қауіпті заттар болады.

Көкөністер, аскөкпен жемістер құрамындағы улы заттарды тек зертханалық жолменанықтауға болады. Құрамында нитраты бар өнімдердің түсі және дәмі өзгермейді.

Маусым — тамыз айларында бақша дақылдарын сата бастаған кезде нитраттармен улану қауіпі пайда болады. Әсіресе,нитратты өнімдер асқазан қышқылы және ағзаның күресуі төмендеу болып келетінбалаларғаөте қауіпті. Химикатталған көкөністер мен жемістер гастрит, бауыр ауруына, жүйке, жүрек қан тамырлары жүйесі,көздің көру қабілетін бұзылуынаәкеледі. Осындай жағдай орын алмас үшін халықтың қауіпсіз өнімдерді қолдану мәселелерін ақпараттылығын арттыру мақсатында 13.07.2018жылы Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Ұлттық сараптама орталығының мамандары Ақсу қаласы «Ауыл» базарында «Нитратсыз жаз» - атты айлық өткізді.

Айлық барысында келушілерге өздерінің сатып алынған өсімдік шаруашылық өнімдеріндерінің құрамындағы нитраттарды анықтау үшін, экспресс-зерттеуллер жүргізуге ұсынылды.Тұтынушылар біздің мамандарға жақындап, өсімдік шаруашылық өнімдеріндердің құрамында нитраттардың бар -жоғын анықтауға келді. 25 сынама зерттелді, нәтижелері нормативтік талаптарға сәйкесжәне де дұрыс, қауіпсіз тамақтану туралы ақпараттық материалдар таратылды.

Науқан қорытындысы келесіні көрсетеді, Ақсу қаласының тұтынушылары дұрыс тамақтанудың жақтастары екенін көруге болады, әрине бұл жұмыс әрі қарайда жалғасады. 

Астарыңыз дәмді болсын және денсаулықтарыңыз мықты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2018-07-17 10:25:43

Сондай-ақ оқыңыз