Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Күйдіргі ауруы және алдын-алу жолдары

    «Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы» РММ ШЖҚ деректері бойынша Қырғызтан Республикасы Базар-Қорған ауданында күйдіргі ауруына күдікті 11 жағдай тіркелгенін хабарлайды. Ауруды жұқтыру малды сою және бөлшектеу кезінде орын алған. Барлық азаматтар госпитализацияланды.
     Қазақстанда 2018жылдың өткен кезеңінде тұрғындар арасында күйдіргі жағдайлары тіркелген жоқ. Ақсу өңірінің аймағында 15 ошақ болғанына қарамастан 2010 жылы адамдардың күйдіргі ауруын жұқтыру жағдайлары орын алғандықтан, аталған ауруды жұқтыру қауіпі жоғары.
    Күйдіргі ауруы зооноозды аса қауіпті инфекция, оның қоздырғышы қоршаған ортаға түскенде спораға айналу қасиеті бар. Споралар сыртқы ортада өте төзімді, мысалы топырақта ондаған жылдар бойы сақталады, сол себепті күйдіргі ауруын толығымен жою қиынға түсуде.
    Күйдіргі ауруы адамдар арасында көбінесе ауылшаруашылық және үй жануарлары (қой, ешкі, жылқы, ірі-қара малдар, ит, мысық), сонымен қатар жабайы аңдар арқылы таралады.
    Ауру қоздырғышы сыртқы ортадан әсіресе жаз уақыттарында, қуаңшылық кездерде, мал жайылғанда топырақ арқылы ағзасына түседі де, ауру туғызады.
    Адамдар ауру малмен тікелей қатынаста болған кезде яғни малды сойғанда, терісін сыпырғанда және ондай малды тасымалдау кезінде, ауруды жұқтырады және де ауру малдың айналасындағы топырақтан, жем, шөптен, жұғуы мүмкін.
    Күйдіргі ауруының адам ағзасында таралуына байланысты терілік түрі, өкпелік түрі, ішектік түрі және септикалық түрі болып бөлінеді. Өкпе және ішек күйдіргісі ауыр өтеді және адам өліміне әкелуі мүмкін, оның қауіптілігі де осы түрлеріне байланысты.
    Инкубациялық кезең (қоздырғыш енген сәттен, алғашқы ауру бегісі білінетін мерзім) 8-14 күнге дейін созылуы мүмкін, көбінесе 2-3 күнде ауру белгілері біліне бастайды. Тіркелген аурулардың өте жиі кездесетін түрі бұл, тері күйдіргісі. Қоздырғыштың жұққан жерінде күйдіргі ауруына тән жара пайда болады. Инфекция жұққан жерде алдымен дақ (папула), содан кейін іші сұйыққа толы бөртпе (везикула) пайда болады. Содан ол жараға айналып, айналасына екінші қатар іші сұйыққа тола бөртпе пайда болады. Бұны осы инфекцияға тән «Ожерелье» деп атайды. Жараның ортасы қара күйік тәрізді қотырланып (күйдіргі деп аталуы сондықтан), шеттері қызарып, іседі, бірақ басқан кезде ауырмайды. Бұл белгілердің пайда болуы мен қатар, ауырған адамның дене қызуы көтеріледі, ағзаның жалпы улану белгілі байқалады. Тез арада ем қабылдамаған жағдайда арты сепсиске айналып қайғылы аяқталуы мүмкін.
Күйдіргі ауруының алдын алуда жұмыстарын ұйымдастыру барысында ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың толығымен жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Ветеринарлық қызметкерлер, күйдіргі ауруымен ауырған малдарды дер кезінде анықтап, өлген малдың арнайы мал қорымына көмілуін, ауырған малдың тұрған жерін залалсыздандыру жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет.
Індеттің табиғи ошақтарындағы малдарға жылда вакцина егу қажет және арнайы мал қорымдары ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарына сай болуы керек.
    Күйдіргі ауруымен ауырған малдар тіркелген жағдайда, ошақта барлық құзырлы мекемелер кешенді түрде шұғыл эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырады, яғни ауру малдың өнімдері толығымен жойылады, ошақта қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ауырған малмен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынады.
    Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар өздерінің жеке-бас гигиенасын сақтап, арнайы жұмыс киімін киетін болса және ауырған  немесе белгісіз себеппен өлген мал туралы міндетті түрде мал дәрігерлеріне уақытылы хабарап отырса аурудың алдын алуға болады.




2018-07-16 16:36:22

Сондай-ақ оқыңыз