Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

НАШАҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫҢ АЛУ

НАШАҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫҢ АЛУ

       26 маусым бүкіләлемдік маңызы бар мерекені атап өтуде. 1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды өзінің есірткіні теріс пайдаланушылықтан еркін халықаралық қоғам құру мақсатында қызметін және ынтымақтастығын күшейту табандылығын білдіру үшін Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына, заңсыз түсік жасатуға қарсы күрес күні ретінде атап өтуді белгіледі.
Нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымға шығуына қарсы күрес күні бұқаралық қоғамға қазіргі уақытта есірткі мәселесіне баса аударуға себепші болып отыр.

     Нашақорлық –өмірге қауіпті ауру. Бір нашақордың қоршаған ортасында кем дегенде 10-12 жасөспірім,мұның ішіндегі 5-уі 1 жыл ішінде нашақорға айналады. Нашақорлар ЖИТС ауруын тарату мүмкіндігі бар қауіпті топқа жатады. Есірткіні қолданбайтындарға қарағанда нашақорлықтың өлімі 26 есе жоғары болады. Есірткіні алғаш қолданғаннан-ақ тұрақты қолдануға құштарлық пайда болып, әрбір қолданған сайын есірткі мөлшерін көп қажет етеді. Нашақор адам есірткісіз өзің ауыр сезінеді, қатты шөлдейді, қалтырайды, барлық дене мүшелері ауырлайды және т.б.. Есірткісіз мұндай адам әр-түрлі қадамға баруға әзір болады, адам өлтіруге дейін.

      Нашақорлықты алдың алудың басты шарасы ол қалыпты атмосфераны  құру, сыйластық, махаббат, мектепте, отбасында, қоршаған ортаға сеніммен қарау.

      Өмірдегі киыншылықтардан, проблемаларыңыздан қашпаныз, өз көніл-күйіңізді есірткімен көтеремін деп әуре болмаңыз!

Есірткі ЖОҚ деп айтатын басты 10 себеп:

  • Есірткі тәуелділікке әкеледі
  • Туыстарыңызбен арақатынастарыңыз бұзылады
  • Дос қызыңыз немесе жігітіңізбен арақатынастарыңыз бұзылады
  • Ақшаны босқа шашпау
  • Карьераның соңы
  • Өз өзіңізді сыйлаудан қалу
  • Милициямен проблема
  • Психиканың бұзылуы
  • Денсаулығы бұзылады (иммунитет әлсірейді, бауыр бұзылады, сепсистің пайда болу қауіпі туындайды, АИТВ, туберкулез, гепатит және т.б ауруларды жұқтыру) 
  • Мезгілсіз қайтыс болуы!!!

Бәрі сенің қолыңда. Нашақорлық деген тозаққа өзіңді итермелеме.


2018-06-29 16:47:57

Сондай-ақ оқыңыз