Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні

Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні

       Жұқтырылған иммунды тапшылық синдромы, инфекциялық ауру адамның иммунды тапшылық вирусымен туғызылған, немесе қысқаша АИТВ, көптеген әлем елдерінің халқы үшін 20 жылдан артық ғаламдық апат болып тұр. Эпидемия қаншама миллиондаған адамдардың өмірін әкетті.

     Иммунды тапшылық вирусы адамнан адамға ғана беріледі және АИТВ-жұқпасы ауыруын туғызады. Адам ағзасы жұқпа жұқтырғаннан кейін АИТВ-ын көптеген жылдар бойына бақылауда ұстай алады. Біртіндеп иммунды жүйе соншалықты әлсіреп, бұдан соң ағзаны қорғай алмайтын болады. ЖИТС-бұл АИТВ-жұқпасының соңғы даму сатысы. ЖИТС-тің білінуі әртүрлі, негізінде ол оппортунистік ауыру: пневмоцистік пневмония, туберкулез, терінің және ішкі ағзалардың зеңдік зақымдануы, ұшық, токсоплазмоз, Капош саркомасы, ісіктік және басқа да аурулар.

     АИТВ жұқтыру ашық жыныс аралық қатынаста (мүшеқап пайдаланбағанда), сонымен қатар дені сау адам ағзасына жарақатталған тері жабындысы және шырышты қабықшаға жұқтырылған қанның түсуінен, көбіне ол есірткіні күретамыр арқылы зарарсыздандырылмаған инъекциялық құралдарды (шприцтарды, инелерді, сүзгілерді ж/е т.б.) қолданғанда өтеді. Баланың жұқтыруы, құрсақта жатқанда жүктілік, туу және емшек емізу кезінде анасынан болуы мүмкін. Сондықтан жұқтырылған жүкті әйелдер және олардан туған балалар вирусқа қарсы ем алулары керек.

      АИТВ-жұқтырудың алдын алу үшін кездейсоқ жыныс аралық қатынастан, инъекциялық есірткі жабдықтарын қолданатындармен жыныстық қатынасты болдырмау, тән аралық тәртіпсіз қатынаста болатын жандардан аулақ болу қажет. Жыныстық қатынаста мүшеқапты пайдалану АИТВ жұқтыру қауіпін азайтатынын есте сақтау қажет. Сонымен қатар татуаж жасау(өрнек салу) және құлақ ұштарын, басқада тері жабындыларын зарарсыздандырылмаған құрал-саймандармен тесуден аулақ болу қажет.

      Көптеген адамдарды медициналық мекемелерде жұқтыру мүмкіндігі қауіптендіреді. Бірақ, қазіргі заманғы медициналық құрал-саймандарды тазалау әдістері вирустың толық жойылуына кепілдік береді, ал қолданылатын қан препараттары және донорлардан алынған басқа биологиялық материалдар зертханалық зерттеуге душар етіледі.

      Балаларды АИТВ/ЖИТС сұрақтары бойынша ақпараттандыруда ерекше рөл ата-аналарына тиесілі. Баламен осы мәселелер жөнінде сөйлесетін бірінші адам болуы мүмкін және ертең ол өскенде, оны дұрыс емес ақпараттармен немесе сіздің балаға дарытқыңыз келген құндылықтардың жоқтығын айтып оны ешкім адастыра алмайды.

      Вирус өзінің құрбанын талғамайды. Оған бәрібір, сіз жассызба немесе кәрісізбе, сұлу немесе онша емес, бай немесе кедей. Адамдарда өмірінің қалпын таңдау мүмкіндігі бар, содан жұқтыру қауіпі және мүмкіншілігі тәуелді, таңдау бар, әрқашан АИТВ жұқпасын жұқтырудың алдын алу шараларын сақтау немесе өзіңнің денсаулығыңмен және жақын адамдардың денсаулығын қатерге тікпеу.


2018-06-29 16:46:30

Сондай-ақ оқыңыз