Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қант диабетінің алдын алу

Қантдиабеті – ағзада инсулин жетіспеушілігімен сипатталатын созылмалы ауру, оның салдарынан қанда глюкоза деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар, көмірсу, май, ақуыз, минералдық және су-тұз зат аламасулары бұзылады.
Қант диабеті дамуының қауіп факторлары:

Тұқым қуалаушылық. Қант диабетінің 1 және 2 типтерініңнегізгі факторы;

Дұрыс тамақтанбау, семіру. 80% семіру мен науқас адамдарда қант диабеті бар. Белсенді дене қозғалысы мен дұрыс тамақтану артық салмақтан арылуға көмектеседі. Нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі төмендейді;

Ұйқы безінің ауруы. Органның гормоналды қызмет етуі бұзылады, қант диабетін тудыруы мүмкін;

Нервтік стресс. Көптеген ауруларды, қант диабетін де нервтік стресс тудыруы мүмкін. Адам өзін қалыпты ұстап, бақылай білуі керек. Стресс артериялық қысымның да жоғарылауына әкеледі.

Вирустық инфекциялар. Қызамық, шешек, эпидемиялық гепатит жәнебасқааурулар диабет туындау қаупін арттырады.

Қант диабеті мен ауыратындардың 80-90%-ы қант диабетінің 2 типімен ауырады. Бұл ауру типі жас ұлғайған сайын пайда бола бастайды. Дей тұрғанмен, соңғы он жылдықта бұл ауру жастар арасында да артып келеді. Ұйқы безі ағзаға жеткілікті гормонды шығармайды да, қандағы глюкоза жоғарылап кетеді.
ҚД алдын алудың келесі шаралары:

45 жастағы және одан жоғарылар, тұқым қуалаушылыққа тән тұлғалар үнемі қандағы глюкозаны тексертулері керек.

Дұрыс тамақтану. Салмақты диетотерапиямен түсіру (ИМТ=18,5-25) маңызды. Тамақтануда гликемиялық индексі төмен тағам өнімдерін пайдалану керек.

Дене белсенділігі. Шапшаң қозғалыстағы жаяу жүру, серуендеу, дене шынықтыру жаттығулары, бибилеу, жүзу. Бұның бәрін үнемі істеп, жүктемені барған сайын арттырып отыру керек. Күніне 30 минуттан кем емес айналысу керек.

 


2018-06-22 17:21:37

Сондай-ақ оқыңыз