Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тіл - ең асыл құндылық

Тіл туралы жазу, ол туралы айтуданқашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл- бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойындаұлттық болмыс, ұлттық рух, дəстүр менсалт жатыр. Сондықтан əр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек.

Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Əлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу жəне қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге? Қазақ тілі – əлемдегімағынасы көп, синонимдік тіркесі мол,сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Текқолданатын халықтың саны аз демесеңіз,бұл тілдің құдіреті ерекше. Абайға дейінжыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп,соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгіқазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріпəкелуі. Əрине, Абайғадейін де поэзияболды. Бірақолзарзаманжырлары мендастандары. Ал Абай тілінде сұлулық пен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.

Тілөлсе, ұлттың да өмірсүруімүмкінемес. Тіл тарихы - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгіні, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай кең ауқымды қолданылады. Тіл - қай елде болмасын қастерлі, құдіретті, рухани əрі тарихи құндылық. Ол - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс берекенің алды, ұлттың əрі жаны, əрі ары.

Тіл - өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сəйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат екені анық. Ұлттық мəдениеттің гүлденуі, салт-дəстүрдің одан əрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі - ана тілі. Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, назды сұлудың нəзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде, қасиетті қазақ тілім!

Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұрақалдыруға тырысуыңыз керек. Себебісіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауымүмкін. Мəселен, кезіндегі орхон жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркіхалықтарына тəн тарихи деректердің көзінашып беріп отыр. Ендеше, сіздің де тіл ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшінүлкен мəнге ие болары сөзсіз.


2018-05-24 10:18:23

Сондай-ақ оқыңыз