Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

2018 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру мен демалыс ұйымдастыру бойыша шұғылдандыру бойынша семинар жүргізілгені туралы

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары 2018жылғы 18 мамырда сайтына 2018жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру мен демалыс ұйымдастыру бойыша шұғылдандыру туралы семинарға қатысты. Семинарға білім бөлімінің, денсаулық сақтау, ІІБ, төтенше жағдайлар, құтқару қызметінің өкілдері қатысты.

     Семинар барысында Ақсу қалалық ҚДСБ мамандарымен төмендегі ақпараттар ұсынылды:

-         Тамақтан улану және жұқпалы аурулардың пайда болуларын алдын алу мақсатындағы балаларды сауықтыру мекемелеріне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы негізгі талаптар түсіндірілді;

-         Балалардың денсаулықтарын сақтап нығайту үшін қантты, тұзды, транс-майларды тұтынуды төмендету. Құнарлы және сапалы тамақтану және фикалық белсенділік  жас ағзаның өсіп жетілулеріне аса маңызды рөлді атқарады.

Осыған орай, кеңес барысында келесі сұрақтар қаралып талқыланды: балаларға жазғы демалысты ұйымдастыру, әр жағдайда бірінші медициналық көмекті көрсету, жасөспірімдер жасайтын қылмыстық және құқық бұзушылықтарды алдын алу, жасөспірімдер жасайтын жол көлік апатың және жол қауіпсіздігін алдын алу. Семинардың бір бөлігі өрт қауіпсіздігі жағдайларын алдын алуға арналды және балаларға жазғы демалысты ұйымдастыру барысындағы төтенше жағдайларды болдырмау туралы айтылды, суға түсу ережелері түсіндірілді, судан зардап шеккендерге бірінші көмекті көрсетулер түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар барлық мемлекеттік мекемелербірлесіп жемісті жұмыс атқаруларына өз ниеттерін білдірді.


2018-05-22 18:16:12

Сондай-ақ оқыңыз