Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен 2018 жылғы 1 тоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыс туралы

         Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қажетті шаралар жүргізіледі, яғни ҚР ДСМ ҚДСК Павлодар облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 2018 жылға арналған шаралар жоспарына (17.01.2018ж №19-28-3-05-35-Ө бұйрығы) сәйкес.

         Павлодар облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы бекітілді.

         Ағымдағы аралықта басқарманың басшылары мен қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының фактілері орнатылған жоқ. 

         Басқарманың мекен жайына жолданған үндеулер, өтініштер, шағымдар мерзімінде қаралады.

         Шағымдар, өтініштер мен ұсыныстарды қабылдау Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен «Бір терезе» принципі бойынша жүзеге асырылады.

         Ағымдағы аралықта 12 өтініш келіп түсті, барлық өтініштер мерзімінде қаралды, оның ішінде 2 шағым, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сауалдар бойынша.

         ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңының негізгі принциптері бойынша білімдерін насихаттау және заңдылықты бұзуға жол бермеу мақсатында семинарлар өткізіледі, баспасөз беттерінде мақалалар жарияланады.

         2018 жылдың 3 айына санитариялық қызмет саласындағы мамандарының арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу мен алдын алу бойынша 3 семинар өткізілді,заңды және жеке тұлғаларға 13.  

         Ағымдағы жылдың 15-16 наурызы аралығында Павлодар облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әдеп бойынша өкілетті тұлғасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әдеп және мемлекеттік қызметшілердің өзін ұстау нормалары бойынша жаднамалармен таныстыру ретінде басқарманың қызметкерлерін жеке қабылдау өткізілді.

         Апта сайын сейсенбі күндері сағат 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін басқарма басшысымен Ақсу қаласы, Астана көшесі 9 мекенжайында орналасқан басқарманың әкімшілік ғимаратында «азаматтарды жеке қабылдау» жүргізіледі.  

         Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылығының фактілеріне жол бермеу мақсатында, басқармада халық үшін «Колл-орталық», телефоны, сонымен қатар «Сенім телефоны» 8(7182) 6-52-15 жұмыс істейді. 


2018-05-22 09:45:21

Сондай-ақ оқыңыз