Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Туляремия

  Туляремия - табиғи ошақтық ошағы бар зооантропонозды инфекция. Қызба, интоксикация, лимфа түйіндерін зақымдайды. Туляремия қоздырғышы сыртқы ортада тұрақты болады, қайнатқаннан кейін 1-2 минуттан соң өледі. Негізгі инфекцияны таратушы көзі кеміргіштер (тышқан, қоян, ондатра, егеуқұйрықтар, саршұнақ).
    Туляремия таратушылар ол қансорғыш жәндіктер, қоздырғыш зақымданбаған теріден өтіп немесе шаң мен тыныс алғанда өкпе арқылы енеді, ауру жаппай сапасыз дайындалған тамақ арқылы немесе лас су арқылы жұғады. Ауру адам айналадағы қоршағандарға қауіп төндірмейді.
Бұл қалай білінеді? Инкубациялық кезең – 1 ден 30 тәулік (жиі 3-7 күн). Ауру жіті басталады, бас ауырып, жүрек айыныйды, лоқсу, дене қызуы 39-40градусқа дейін көтеріледі, қалтырайды. Бет және мойын қызарады, коньюктивит талшықтары қанға боялады. Дене бөртіп, 8-12 күнге қарай қабыршықталады, содан кейін теріде пигменттік дақтар қалып қоюы мүмкін.
   Туляремияны диагностикалауда ауру адам дәрігерге кеміргіштермен байланыста болғаның хабарлау керек. Диагнозды қоздырғышқа сарысу антиденелерін енгізу барысында  анықтайды.
Туляремияны алдын алуда аса маңызды рөл атқаратындар:
аталған қоздырғыштарға эндемиялық аудандарда тамақ және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының санитариялық-гигиеналық жағдайлары, дератизация және дезинсекция;
жеке қорғаныс шаралары: жабайы жануарларды аулағанда (терісін сыдыру, бөлшектеу), дератизация (уланған кеміргіштерді жинау) қолды қолғаппен қорғау, жануарлармен байланыста болғаннан кейін мұқият залалсыздандыру, арнайы өңдеуден өтпеген су құбыранан суды пайдаланбау;
туляремияны спецификалық алдын алу эндемиялық аудандардағы тұрғындарды тірі туляремиялық екпемен қамтамасыз ету.Иммунитет 5 немесе одан көп (7 жылға дейін) қалыптасады. Ревакцинациялау 5 жылдан кейін.
Шұғыл алдын алу шарасы көк тамыр ішіне антибиотиктерді енгізу.


2018-05-05 11:00:31

Сондай-ақ оқыңыз