Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Абайлаңыз тырысқақ!

   Тырысқақ – ауыр жұқпалы ауру, фекалды-оральды жұқтыру механизмі арқылы жұғады, жіңішке ішекті зақымдап, диарея, лоқсу, ағзада жедел сұйықтық және электролиттер азайып гиповолемиялық шок немесе өлім туындауы мүмкін.
    Тырысқақтың қоздырушысы тырысқақ вибрионы (Vibrio cholerae) – үтір белгісіндегі жеңіл майысқан таяқша.
     Микроорганизм белгілі неміс ғалымы Роберт Кохпен  1883жылы ашылған.
     Инфекцияны қоздырушы көзі зәрмен, лоқсу барысындатырысқақ вибрионың бөлетін ауру адам. Ауру адамға су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы, кір қол, инфицирленген киімдер, ыдыс аяқтар т.б. жұғады. Ауруды таратуда шыбындардың да өз рөлдері бар.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Аурудың баснда жиі ішек функциясының ауыр бұзылуы байқалады, бірнеше рет лоқсулар пайда болады, талма пайда болады.
Ауру адам ағзасының сусыздануынан тез басталады, жүрек қан тамыры, жүйке, тыныс алу жолдары және т.б. жүйелер бұзылады.
    Бірінші жағдайда диагноз бактериологиялық растауды талап етеді- лоқсудағы құсықта немесе калда аурудың қоздырғышын анықтау. Эпидемияға қарсы шаралардың бастысы – ауру адамдарды оқшаулау және ауру қоздырғышын тарату көзін залалсыздандыру.
Тырысқақ анықталған жақтарға барғанда негізгі алдын алу шаралары:  
тамақтанар алдында және әзірлеу барысында, дәретханадан кейін қолды жуу;
тек қана қайнаған суды пайдалану;
көкөністер мен жемістерді сумен жуып болғаннан кейін, қайынаған ыстық сумен міндетті түрде шаю қажет;
танымайтын адамдардан азық түлік өнімдерін қолдан сатып алмау;
рұқсат етілген жерде ғана суға түсу керек.


2018-05-05 10:59:48

Сондай-ақ оқыңыз