Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сатылымдағы тамақ өнімдерін қадағалау бойынша атқарылатын жұмыстар туралы

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Павлодар облысында 2017-2019жылдары «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және салаларалық ара қатынасты дамыту туралы», өнімнің сапасы мен қауіпсіздігің бақылауда фальсифицирленген және гендік модифицирленген өнімдерге жұмыстар жүргізу.

2018жылғы 1 тоқсанда Ақсу қаласы және Ақсу өңірінің сауда объектілерінде143 өнім сынамаға алынды, олардың ішінде Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеген (бұдан әрі ТР КО) 10 өнім, ол 7% құрайды.

Негізгі бөлігі 80 % таңбалау бөлігіне сәйкес техникалық регламенттің бұзушылықтары анықталды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеулері сынамаға алынған өнімдердің 20%  анықталды, физикалық химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеген сынамалар анықталған жоқ.

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерінің жалпы санынан (126 өнім) пайыздық көрсеткішпен сәйкес келмегендер 4,7% құрады, оның 33,3% микробиологиялық көрсеткіштерден анықталғандар, 66,6% таңбалау бөлігінен анықталған.

    Балалар тауарларының 8 сынамасы зерттеуге алынды (ойыншықтар). Зерттеу нәтижелері бойынша 1 сынама техникалық реглмаенттің талабына сәйкес келмеді, таңбалу жағынан сәйкес келмеген (мемлекеттік тілдегі ақпарат жоқ).

    Есептік кезеңде 7 сынама зерттелді (материал, киім, аяқ киім) оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған бұйымдар, олдың ішінде 3 сынама таңбалау бөлігі бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді (ақпараты көрсетілмеген, нақты айтқанда шығарған күні). 

Генді модифицирленген өнімдерді анықтау үшін ҚР ДСМ ҚДСК Шығыс Қазақстан облысы«ҰСО» КММ ШЖҚ филиалына өнімнің 10 сынамасы жолданды- ет өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар, консервіленген жеміс-көкөніс өнімдері. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша сәйкес келмегендер анықталған жоқ.

   ҚР ДСМ ҚДСК Астана қаласының «Ұлттық сараптама орталығы» КММ ШЖҚ филиалына майлы-қышқыл құрамын анықтау үшін 4 сүт өнімі зерттеуге жолданды, зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкес келмегендер анықталған жоқ.

    Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен сатылымдағы тамақ өнімдерін қауіпсіздігі мен сапасын қадағалау үшін үнемі мониторинг жүргізіледі.


2018-04-26 18:38:21

Сондай-ақ оқыңыз