Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

ЖІА профилактикасы

 

Көктем – жаз кезеңінің басталуына байланысты халық арасында жіті ішек инфекцияларымен аурулардың пайда болу тәуекелі күрт өседі. Жылы уақытта  адам тіршілік ететін орта объектілерінде ішек инфекциялары қоздырғышының сақталуы және оның тамақ өнімдері мен суда көбеюі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Ішек инфекциялары асқазан – ішек жолы функцияларының бұзылуымен (құсу, іштің ауруы және диарея), улану симптомдарымен (әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, қызба) сипатталады.

Ішек инфекциясының себептері әр түрлі патогенді микро организмдер: бактериялар және вирустар болып табылады. Олар аурулардың кең ауқымының: дизентерияның, клебсиеллездің, эшерихиоздың, сальмонеллездің, стафилококк инфекциясының, диареяның және өзгелердің пайда болуына әкеледі. Жұқтыру басым түрде тамақ арқылы болады – жуылмаған және бұзылған өнімдермен, лас сумен асқазан-ішек жолына патогенді микроорганизмдер түседі, олар өңеш арқылы асқазан мен ішекке өтеді. Сол жерде әр түрлі бұзылулар мен қабынуды, асқазанжасушаларыныңбұзылуын, ылғалдықты жоғалтуды және  маңызы бар микро элементтердің теңгерімсіздігін туындата отырып, бактериялар мен вирустардың көбеюі мүмкін.

Инфекцияның көзі науқас адамдар, қоздырғышты тасымалдаушылар болып табылады. Ішек инфекцияларын жұқтыру микроорганизмдермен ластанған тамақ өнімдерін және ауыз суды пайдаланған, науқас адаммен, ЖІА бактерияларын тасымалдаушымен немесе ішек дисфункциясымен ауыратын адамдармен, лас қолмен және заттармен қатынаста болған кезде болады.

Ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында:

  • жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтауды, тамақтану алдында, дәретханадан кейін және даладан үйге келгенде қолды сабынмен жууды;
  • қайнаған ауыз суды, сондай-ақ сапасына кепілдік берілген, оның ішінен бөтелкедегі суды пайдалануды;
  • көкөністерді, жемістерді, жидектерді ағынды судың астында мұқият жуып барып, кішкентай жастағы балалар үшін оларды қайнаған немесе бөтелкедегі сумен шайып барып  пайдалануды;
  • өнімдерді жәндіктерден, кеміргіштерден, үй жануарларынан қорғалған жерлерде сақтауды;
  • шикі тамақ өнімдерін дайын өнімдерден бөлек сақтауды қамтамасыз етуді, шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін бөлек пышақтар мен оларды бөлетін тақтайшаларды пайдалануды;
  • тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтауүшін таза қаптаманы (полиэтилен, қағаз, тамақ өнімдеріне арналған контейнерлер) пайдалануды;
  • тез бұзылатын өнімдерді (сүт, сүзбе, қаймақ, еттен жасалған жартылай фабрикаттар, ет және балықтан жасалған дайын тағамдар, салаттар, кремі бар аспаздық бұйымдарды және т.б.) сатып алынған немесе дайындалған күні пайдаланған дұрыс, оларды дұрыс жұмыс істеп тұрған тоңазытқыш жағдайының өзінде де ұзақ сақтамауды (1-2 тәуліктен аспайтын), тұтыну алдында бір тәуліктен астам сақталған тағамды мұқият ысытуды;
  • құс өнімдерін – жұмыртқаны, етті, әсіресе ішек-қарны тазартылмаған тұтас етті (сальмонеллездің негізгі резервуары) бөлек және герметикалық түрде сақтауды қамтамасыз етуді;
  • өнімдерді рұқсат етілмеген сауда орындарынан (бара жатқан жолда, жол бойында), жеке адамдардан сатып алмайды, себебі аталған жағдайларда сіздер жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе санитариялық нормалар бұзыла отыры пдайындалған өнімдерді сатып алуларыңыз мүмкін;
  • тағамдарды (әсіресе ет, балық, теңіз өнімдері мен жұмыртқа пайдаланыла отырып дайындалатын тағамдарды) дайындауда температуралық режимді сақтауды;
  • дайындалған тағамды бөлме температурасы кезінде 2 сағаттан артық сақтамауды немесе дайындалған тағамды үстелді жабдықтағанға дейін ыстық күйінде (60°С жоғары) ұстауды ұсынады.

2018-04-24 17:31:14

Сондай-ақ оқыңыз