Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Безгек ауруының алдын алу

Безгек – Plasmodium тектес қарапайымдылар тудыратын, қауіпті жұқпалы ауру.
Безгекті жұқтыратындар олар саяхатшылар және Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка тұрғындары.
Аурудың негізгі белгілері: 38-39 градусқа дейін науқастың дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, әлсіздік және бұлшық еттер мен буындардағы ауыртпалықтар. Аурудың асқынған түрі  көк бауырының ісінуімен аяқталып өлімге әкелуі мүмкін.
Безгекті диагностикалауда келесі әдістерді қолданады: микроскоп арқылы қанды зерттеу, қанда ерекше антиденелер мен генетикалық қоздыру материалдарын анықтау.
Безгек ауруын алдын алу
Негізгі алдын алу әдістері- ауруды таратушы жәндіктердің шағуынан қорғану және безгекке қарсы дәрілерді профилактикалық қабылдау.
саяхатқа немесе безгек жұқтыру қауіпі  бар елді мекендерге шығу барысында келесі шараларды сақтаған жөн:
Сізге ауру тарататын москиттерден сақтанғаныңыз жөн. Безгекті тарататын масалар тек түнде ғана шағады, сондықтан да кештің батып таң атқанша дейін жәндіктермен байланыста болмауға тырысу;
денені, қолды, аяқты жауып тұратын киімдерді киген жөн;
құрамында ДЭТА (немесе ДЕЕТ) бар репелленттерді қолдану (жәндіктерді үркітуші құралдар). Репелленттерді теріге ғана емес, киімге, аяқ киімге, сөмкеге себу керек. Құрамында 95% ДЭТА бар спрей ересектерге қолдануға болады, олар жәндіктердің шағуынан 10-12 сағатқа дейін қорғайды. Құрамында 35% ДЭТА бар спрей 3-4 сағат бойы қорғайды. Егерде Сіз жәндік жүрген жерден кетіп қалған жағдайда, терідегі спрей қалдықтарын жуып тастау қажет.
Сіз ұйықтайтын бөлмеде перметрин (жәндіктерді үркітетін құрал) сінген жәндіктерге қарсы торларды пайдаланған жөн.
Безгек ауруы асқынған мекенге барсаңыз, безгекті химиялық тәсілмен алдын алудағы қажеттілікті шешу үшін инфекционист немесе эпидемиологи дәрігерге көрінгеніңіз жөн. Химиялық алдын алу деген ол саятат бойы немесе келгеннен соң кейбір уақытқа ғана безгекке қарсы құралдарды қолдану. Препарат түрін таңдау ол Сіз баратын мемлекетке байланысты болады.
Сізді жәндіктер шағып алса немесе безгекке ұқсас белгілерді сезінсеңіз (ден қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну) міндетті түрде медициналық көмекке жүгінгеніңіз жөн.



2018-04-23 10:29:17

Сондай-ақ оқыңыз