Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Құтырма туралы нені білу қажет?

 

   Құтырма (судан қорқу, гидрофобия) – жіті вирустық ауру, типті зооноз, ауру жануарлар адам терісіне зақым келтіргенде, сілекейлегенде немесе қауып алғанда ауру адамға жұғады., соңы 100% - өліммен аяқталады. ДДҰ деректері бойынша құтырма әлемдегі 150 мемлекетте тіркеледі. Құтырма ауруы адам мен жануарларға жалпы болып келетін, әлеуметтік және экономикалық шығын келтіретін жұқпалы аурулардың бестігіне еніп тұр.

   Қазақстан Республикасының аумағында 2017жылы адамдар арасында аурудың 7 жағдайы тіркелді. Павлодар облысында жылсайын жабайы және ауылшаруашылық жануарлары арасында құтырма жағдайлары тіркеледі. 2017жылы зертханалық расталған жануарлар арасында 2 құтырма жағдайы тіркелді Ақтоғай және Железі аудандарында. Ақсу ауданында адамдар арасында соңғы ауру жағдайы 2015 жылы тіркелген, соңы өліммен аяқталды.

   Құтырманы таратушы болып келетіндер жиі олар иттер , қаңғыбас, үйсіз жүрген иттер және мысықтар. Аз деңгейде құтырмамаен ірі қара малдар және ұсақ қара малдар ауырады, жылқылар, түйелер, аса маңызды жабайы жануарлар, қасқырлар, түлкілер табиғатта вирусты сақтаушылар болып келеді.. Адамдар тек ауру жануарлардан ғана бұл ауруды жұқтырады.

   Вирус жарадан жұлынды және бас миын зақымдап тарай бастайды. Ағзаға вирустың енгенінен бастап 3 тәулік немесе жыл бойы ауру басталады.

Жануарлардағы құтырма белгілері: сілекейлері шұбырып, жағдайы тынышсызданады, кейбір жағдайда тыныш, сезімтал болып келеді.

Егерде жануар қауып алса, тырнап алса, сілекейлесе не істеу керек?

Бірінші кезеңде зақымданған жерді сабынды сумен жуу керек және медициналық көмекке жүгіну қажет, жануар иесінің Т. А. Ә. , мекенжайын, анықтау қажет, жануарды өз бетіңізбен өлтірмеу қажет, өйткені 10 күн бойы ветеринарлық дәрігердің бақылауында болады құтырманы анықтау үшін. Құтырманы емдеу әдістері жоқ. Аурудың дамуын болдырмаудағы негізгі әдіс ол  уақытыл антирабиялық  екпені алу. Құтырған жануар қауып алған зардап зегушіге уақытылы антирабиялық екпе көрсетілмесе, оған енді ештене де көмектесе алмайды.

    Жануарлар арасында басты профилактикалық шаралар ол құтырмаға қарсы профилактикалық екпелер.

Адамдарменжануарларүшінортақжұқпалыаурулардың
(құтырма) алдыналужәнеоларғақарсыкүресжөніндегі
санитарлық-эпидемиологиялықжәневетеринарлық-санитариялық
ережелерге сәйкес барлық жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жануарлардың иелері мыналарды орындауға міндетті:

-  ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған ауыл шаруашылығы жануарларын, иттерді, мысықтарды, терісі қымбат аңдар мен жыртқыш аңдарды ұстау ережесін сақтайды;
    - клиникалық тексеру мен антирабиялық вакцинамен алдын ала сақтану егулерін жүргізу үшін өздерінің иелігіндегі иттері мен мысықтарын ветеринарлық емдеу-алдын алу ұйымдарына жеткізу;
   - ветеринарлық маманға жануарлардың құтырмамен ауыруына күдікті  жағдайлары туралы дереу хабарлау керек.

      -Адамдардынемесежануарлардытістегениттер, мысықтарменбасқадажануарларды (құтырмаменауыратындарданбасқа) 10 күнішіндеветеринарлықмамандардыңқадағалауынажатады.

Есте сақтаңыз! Жануарлар қауып алған жағдайда құтырмаға қарсы профилактикалық екпе алу үшін міндетті түрде медициналық көмекке жүгінген жөн.


2018-04-18 12:32:50

Сондай-ақ оқыңыз