Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары туралы


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрықтары негізінде Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы РММ келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:   
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс  күн. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) Аккредиттелген зертханалары жүргізген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 - қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті сынақтар (зерттеулер) тізбесіне сәйкес хаттамалары;
"Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
 көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс  күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу, нақты айтқанда Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобасы; 3) Шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін нақты айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобасы.
 Азық-түлік дайындау (әзірлеу) объектілеріне мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есептік нөмірді беру , мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 7жұмыс  күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, 2) Өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының, 6 - тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
  Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижелерiн беру:        1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы"   29 немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.


2018-04-12 18:14:02

Сондай-ақ оқыңыз