Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу



   Қан айналымы жүйесінің аурулары, мүгедекке және өлімге әкелетін негізгі себептерінің бірі болып келетін аурулар құрылымдарында бірінші орынды алып тұр. ҚР жалпы өлім-жітім себептері болып келетін қан айналымы жүйесінің аурулары (22,3%), жыл сайын 30 мыңдай адамдар қайтыс болатын жиі жүректің ишемиялық ауруы, мидың қан тамырының зақымдауы.
Жүрек қан тамырлары аурулары көбінесе клиникалық көріністер бойынша кеңінен таралған денсаулыққа, өмір ұзақтылығына және еңбекке жарамдылыққа әсерін тигізетін гипертензия, стенокардия, миокард инфарктісі, ми қан айналымының бұзылуы, перифериялық тамырларда қан айналымының бұзылуы және қолқаның атеросклероздық аурулары.
Негізгі тәуекел факторларына жататындар:
қан қысымының көтерілуі (55 жастан асқан ер адамдарда, 65 жастан асқан әйел адамдарда);
темекі шегу;
дислипопротеинемия;
жалпы холестерин 5,0ммоль/л аса;
триглицеридтер 1,7 ммоль/л аса;
аш қарынға веналық плазма глюкозасы 5,6 – 6,9ммоль/л;
ГТБ:глюкозаға толеранттың бұзылуы. Қан венасының плазма глюкозасы 75 гр және 11,1ммоль/л кем емес глюкоза қабылдағаннан соң 2 сағаттан кейін;
жүрек қан тамырлары ауруларының отбасылық анамнезі (55 жастан асқан ер адамдарда, 65 жастан асқан әйел адамдарда);
абдоминалды семіздік (ерлердің белі 102см, 88см әйелдерде);
Қауіптілік факторлары – ағза ерекшеліктері, аурудың пайда болуына немесе туындауы мүмкіндігінің ұлғаюына, оның қарқындылығына немесе қолайсыз салдарына әкелетін сыртқы әрекеттер немесе олардың ықпал етуі болып табылады.  Қауіптілік факторлары ретінде ер адамдарда 55 жастан, ал әйелдерде 65 жастан асқан жас мөлшері саналады.
   Сырқаттанушылыққа және өлімге ықпал етуге байланысты оларды дер кезінде анықтап, жою не болмаса ЖТА пайда болуына әсер етуін азайту қажет.
Ақсу өңірі бойынша ҚАЖ аурулары 2017 жылға 24,9 % төмендеді және 100 мың тұрғынға 2029,7 құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 2704,8 қарсы.
Гипертониялық аурулар бойынша көрсеткіштер Ақсу өңірі бойынша 100 мың тұрғынға 2017 жылға -2029,7,  2016 жылға– 2704,8 құрады, яғни 24,9 % төмендеді.
Ақсу өңірі бойынша ИЖА аурушаңдық көрсеткіштері 2017 жылы 100 мың тұрғынға – 263,9 құрады, 2016 жылы – 270,2 және 2,4 % төмендеді.
Ақсу өңірі бойынша аурушаңдық көрсеткіштері 100 мың тұрғынға миокард инфарктінен 2017 жылы – 90,3, ал 2016 жылы – 75,0 құрады, 20,4 % төмендеді.
Мақсатты топтағы әйелдер мен ерлерге (жас ерекшелігі 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64 жас) жүргізілген скринингті тексерістер жолымен жасалған алдын алушы медициналық тексерулерінің мәліметтері бойынша 2017 жылы ҚАЖ ауруларын анықтауға 6429 адам жатты, 6428 адам тексерілді (99,9 % қамтылды) осының ішінде 120 науқас анықталды, немесе барлық тексерілгендердің ішінен 1,87 % пайызы. Оның ішінде диспансерлік есепке 85 адам алынды, немесе 70,83 %  пайызы.
Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу, болашақтағы перспективада тек үш негізгі әрекеттің алмасуы шартының арқасында ғана әрекетті бола алады:  популяциялық (барлық халыққа жалпы бағытталған), жоғары тәуекелді (популяцияда жоғары тәуекел тобын анықтау және медициналық шаралар әдісімен оны төмендету) және екінші мәрте профилактика жүргізу (науқастарды емдеу мен ЖТА асқынуларын тоқтату бойынша шаралар кешені). Қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу барлық бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс, себебі ол әрекетті және сезімді болып табылады.  ҚАЖ ауруларының алдын алудың жалпы мақсаты -жоғары абсолютты  науқастарда аурушаңдықты және өлімді төмендету, әрі қолайсыз жағдайлары төмен пациенттерде төмен тәуекелді сақтау.  
Алдын алу негізіне өмір сүру шартын өзгерту жатады, бұл жүрек-тамыр ауруларының негізгі факторларын жоюға бағытталған: салауатты өмір салтын насихаттау, шылым шегуден бас тарту, жеткілікті дене жүктемесі, дұрыс тамақтану, дене салмағын азайту, психопрофилактика.



2018-04-12 18:11:22

Сондай-ақ оқыңыз