Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Барлығымыз масалармен күресеміз!»

 

Қансорғыш жәндіктердің жиынтығы – олар адамдармен жануарларға жаппай шабатын масалар, шіркейлер, шыбындар, соналар.

  Қансорғыш жәндіктердің жаппай таралу проблемасы ол Павлодарлық Ертіске өзекті мәселе болып тұр. Жәндіктердің қауіптілігі қансорғыштардың адамның мазасын қашырып қана қоймай және адамға ауырвирусты және паразитарлы ауруларды тартулары мүмкін. Жаппай шабуыл жасаған уақытта олар адамдардың еңбектену құлшынысын төмендетудегі себепкер болып келеді, таза ауада әртүрлі шараларды жүргізуге кедергі келтіреді. Шіркейлердің жаппай шабуылы агроөнеркәсіптік кешенге әжептәуір зиян келтіреді, сүт өнімдерінің өнімділігіне әсерін тигізеді.

  Масалар мен шіркейлердің ветеринарлық маңызы олардың атқарушы рөлдерімен анықталады жаппай зиянды қансорғыштар және жануарларға бірқатар жұқпалы ауруларды таратушылар болып келеді (туляремия, күйдіргі, сарып, анаплазмозжәне т. б.).

   Қансорғыш масалардың басым көпшілігі тұрғын үй немесе тұрғын емес үй жайларда, шөптердің арасында, ұяларда, індерде, бұталардың арасында ылғалды жерлерде тығылып тұрады. Белсенділіктері күндіз болатын шіркейлерге қарағанда, қас қарайған кезде масалар белсенді болып келеді. Қан мен еркекмасаларға қарағанда, ұрғашы масалар көбірек қоректенеді. Ұрғашы маса қан ішер алдында өз құрбанының терісіне алдымен құрамында антикоагулянттары бар, қан ұюына кедергі жасайтын сілекейін жібереді. Сол сілекей шаққан жерде қызарып ісіп қыши бастайды, кейбір жағдайда ауыр аллергиялық реакциялар береді, сол сілекеймен қансорғыштармен тасымалданатын инфекциялар беріледі.

Инфекцияны таратушылармен күресу ол адамдарды қауіпті жұқпалы ауруларды тартушылардан қорғау. Күресудегі әртүрлі әдістердің комбинациясы әрбір жеке әдістердің кемшіліктерін өтейді, ал инфекция таратушылармен кешенді күресу проблеманы шешудегі ең тиімді әдіс болып келеді.

Құрметті саябақ жәнесаяжайлардың иелері!

–   Сіздің учаскеңізде  су құйылған ыдыстар болған жағдайда, олардың беттерін жауып қойыңыздар;

–   суға арналған ыдыстарды таза ұстаңыздар;

–   4 күнде 1 рет суды ауыстырып отырыңыздар;

Маса дәрнәсілдері пайда болған жағдайда, бетінде пленка пайда болуы үшін бірнеше тамшы мұңай өнімін тамшылау қажет ( мазут, машина майы және т.б.), нәтижесінде маса дәрнәсілдері тұңшығады.


2018-04-12 18:05:14

Сондай-ақ оқыңыз