Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Паразитарлық аурулар белгілері, алдың алу жолдары



    Паразиттар (құрттар) – жануарларда, ересек адамдар және балалардың  ағзаларында мекендейтін құрттар. Кейбір деректерге сәйкес, дүние жүзі бойынша 4,5 млрд адам паразит құрт ауруымен ауырады. Әр адам өз өмірінде кем дегенде бір паразитарлық инфекциямен ауырып шығады.
Кейбіреулері сәтті емделіп шығады, қалғандары басқаларға жұқтырып паразиттерді тасушылар болып қалады. Кейбір паразитарлық аурулардың белгілері болмайды, басқаларында білгілері байқалады, бірақ-та әрдайым нақты бола бермейді.
Гельминттер- көп клеткалылардың тұтас тобы, лямблия және токсаплазмоздармен қатар адамның ағзасында мекендейді. Оларға жалпақ құрттар жатады (трематод немесе сорғыштар), цестодтар немесе ленталы құрттар (лентец, цепень).
Дөңгелек құрттар немесе нематодтар - бұл аскаридалар, острицалар, власоглавтар, трихинеллалар, стронгилоидтар, анкилостомидтар және микроскопиялық және зеңді саңырауқұлақтар, дрожжды микоздар.
Гельминттарды жұқтыру жолдары әртүрлі.
Асқазан ішек жолдары арқылы. Кеңінен таралған жұқтыру жолдары ол кір қол, жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы, нашар қуырылған ет және балық арқылы. Жануарлармен байланыста болғанда да ауруды жұқтыру қауіпі бар (мысық нәжісінің грамында 20млн токсаплазм цисті бар), су немесе топырақ арқылы,  санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтамаған жағдайда ауруды жұқтыру қауіпі бар.
паразит цистыларымен шанды жұтқанда.
 Тұщы су суайдындарында суға түскенде- мысалы: шистосом құрттары «өз құрбандарының» терісіне дейін кіріп кетеді.
Жәндіктердің шағуынан (трансмиссивті)- масалар безгек, филяриатоз және басқа ауруларды тасымалдайды.
Адамнан адамға (энтеробиоз).
   Зерттеулер көрсеткендей паразитарлы аурулар балаларға тез жұғады. Жиі лямблиоз, аскаридоз, энтеробиоз, описторхоз, токсокароз, токсаплазмоз және т.б. Балалардың иммуниттеттері ересектерге қарағанда әлсіздеу болып келеді және олар кір ойыншықтармен жиі байланыста болады.
Ағзадағы паразиттер барлық нәрседен пайда болады: шикі жемістер мен көкөністер, фастфудтар, қажетті термикалық өңдеуден өтпеген немесе өзіне шикі тағамдарды енгізетің тағамдар: сушилар, роллдар, сашимилар, medium дәрежесінде қуырылған ет. Осы барлық тағамдарды пайдаланған жағдайда паразитарлы аурулардың дамуларына әкелі соқтырулары мүмкін. Үй жануарларын да ұмытпаған жөн- олар патогенді бактериялар, саңырауқұлақтар және паразиттардың дамуларының негізі көздері болып келеді. Паразиттер ағзаға ауыз арқылы,көз, сілемей арқылы енеді. Сәйкес жағдайларда әп-сәтте дами бастайды. Паразиттер ағзаға аллергияны қоздырады., инфекцияға қарсы тұруларын төмендетеді. Ағзада олар ұзақ уақыт бойы сақталғанда, ағза ғана зардап шегіп қоймай барлық иммундық жүйе зақымдалады. Бөгде антиденелермен үнемі күресу процессі сарқылуына әкеліп қана қоймай, екінші иммун тапшылығының дамуына соқтырады. Мұндай жағдайда қарапайм емдеу әдісіне жатпайтын ауыр асқыну жағдайлары туындайды.  
          Паразитарлы ауруларды алдың алу
1. жеке бас гигиенасы ережесін сақтау, тамақтанар алдыңда және дәретханаға барғанда қолды жуып отыру, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу керек, қайнаған сумен.
2. таза су ол денсаулық және көп өмір сүрудің кепілі. Үй жағдайда фильтрленген су ол үштен бір бөлікке ғана тазарады, ал ағын сулар әртүрлі паразиттарға тұнып тұр. Сондықтан да қайнаға немесе бөтелкедегі ауыз суды тұтыну қажет.
3. Үй жануарлары үйде болған ол керемет әрейне, бірақ та олармен байланыста аз болу қажет, төсекке мінгізбеу, кішкентай ғана отбасы мүшелерімен байланыста болғаннан кейін қолды мұқият жуу керек. Ветеринарлы емдеу мекемелерінде сатылатын арнайы препараттармен үнемі дегельминтация жүргізуды ұмытпаңыз.
4. балардың іш киімдерін жуып болғаннан кейін өтектеп отыру қажет.
5. егерде ағзаға түссе де, паразиттер ағзада тұрақтай алмаулары үшін, иммунитетті қажетті деңгейді ұстап отыруға дәрігерлер кеңес береді.
Паразитарлы ауруларды алдың алудағы осындай жеңіл жолдары Сізді және отбасыңызды паразиттерден, асқынудан қорғайды.



2018-04-10 14:53:03

Сондай-ақ оқыңыз