Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Атмосфералық ауаны қорғау туралы

 

Жалпы түсініктемесі – бұл атмосфераға ластайтын заттарды шығару, яғни атмосфералық ауаға стационарлық және жылжымалы шығарындылар қайнар көздерінен шыққан халық денсаулығына және қоршаған ортаға қолайсыз ықпал ететін ластайтын заттардың түсуі.  Ұйымдастырылған ластайтын қайнар көздерде шаң-газ тазарту құрылғыларынан өткен, сондай-ақ ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қайнар көздерінен тазартылмай шығатын атмосфералық ауаға түсетін барлық ластауыш заттар есепке алынады.  Атмосфераны ластайтын заттар шығарындыларын есепке алу агрегаттық қалпы бойынша (қатты, газ тәріздес, сұйық), сонымен қатар жеке заттары (ингредиент) бойынша жүргізіледі.

Атмосфераны ластаудың стационарлық қайнар көзі түсінігі –атмосфераны ластайтын заттарды пайдалану үрдісінде бөлінетін жылжымайтын технологиялық агрегат (құрылға, қондырғы, аппарат және т.б.). Осыған басқа да объектілер (террикондар, резервуарлар және т.б.) жатады.

Атмосфералық ауаны ластайтын газды тазарту – атмосфералық ауаны ластайтын қайнар көздерінен шығатын  газ-ауа қоспасы құрамынан ластайтын заттарды арнайы құрылғылар, қондырғылар және құралдар арқылы жою, оған зарарсыздандыру, уландырғышын азайту жатады.

«Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ Ақсу қаласында атмосфералық ауаға ай сайын мониторинг жүргізеді.  Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу әзірленген  жоспар негізінде Ақсу қаласының бақыланатын нүктелерінде және «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытыныңсанитарлық-қорғау аймақтырының шекарасында мыналарға: марганец,шаң,формальдегид, көмір қышқылы, азот оксиді, көмір күлі, азот қышқылы, азотдиоксиді,фенол,6-валентті хром,күкірт диоксидікөрсеткіштеріне атмосфералық ауаның өлшемдері жүргізіледі.

2018 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг  атмосфералық ауаны ластайтын заттардың шекті-рұқсат етілген қосындыларының артуы анықталмады. Ақсу қаласында атмосфералық ауаны бақылау бойынша жұмыстар жалғасуда.


2018-04-05 12:19:01

Сондай-ақ оқыңыз