Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Кәсіби аурулар және уланулар, олардың алдын алу

 

   Еңбек ету - адамның денсаулығына қолайлы ықпал ететін және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін қызметтің бір түрі болып табылады. Бірақ, жұмыстың кейбір түрлері, қолайсыз жағдайларда, кәсіби аурулардың және уланулардың себебі болуы мүмкін.

Жұмыс  жасаушылар ағзасына кері әсер ететін  өндірістік орта немесе еңбек процестерінің факторы  және осы әсердің белгілі күші мен ұзақтылығынан пайда болатын, кәсіби зияндылық деп аталатын патологиялық жағдай немесе аурушаңдықтың белгілінозологиялдық түрлеріне әкелуі мүмкін.

         Кәсіби зияндылық көбінесе өндірістік процеспен, оның технологиясымен, жабдықталуымен байланысты болады. Бұған токсикологиялық заттар, шаң, радиобелсенді заттар және иондаушы сәулелендiру көздерi, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелендірулер,радиожиіліктердің электр магнитті толқындары, шу, діріл, жоғары және төмен температура,көтеріңкі немесе төмен атмосфералық қысым және т.б.

         Сол сияқты кәсіби зияндылықтар еңбек процесімен, оның ұйымдастырылуымен, кернеулілігімен, ұзақтылығымен байланысты болуы мүмкін. Бұған жататындары: жүйке, көру, есту  жүйесінің ұзақ кернелуі, жиі бір қалыпты қозғалыс, жеке бұлшық ет топтарының ұзақ кернелуі, дененің ұзақ мәжбүрлі күйде болуы  және т.б.

 Кәсіби ауруларға және улануларға өндіріс ортаның қолайсыз факторларының әсер етуінен себеп болған аурулар жатады.
Кәсіби аурудың және уланулардың пайда болу уақытына байланысты, олар жіті және созылмалы болуы мүмкін.

           Кәсіби аурушаңдықтар шаң этиологиясына, шу, жылдың суық мезгілінде ауаның төмен температурасы, жылы жыл мезгілінде жоғары ауа температурасына байланысты  қолайсыз факторлардың әсерінен пайда болды.

Технологиялық үдерістің қалыпты барысының бұзылуы, жұмыс үдерісінің дұрыс емес және бақылаусыз ұйымдастырылуы, санитариялық-техникалық құрылғылардың жарамсыздығы немесе жоқ болуы, жеке қорғаныс құралдарымен пайдаланбауы нәтижесінде зиянды факторлардың қарқынды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әсер етуі кәсіби аурулардың негізгі себебі болып табылады.

Ақсу қаласының аймағында 2 ірі өндірістік объект орналасқан, бұл «Казхром «ТҰК» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты және «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, мұнда көп маман иелері зиянды факторлар кешенінің әсер етуіне шалдығады.
2017 жылы және 2018 жылдың 3 айы аралығында Ақсу қаласында кәсіби.

Осыған байланысты шаңға байланысты кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында мына ережелерді ұстану қажет:

  • Үстіңгі тыныс алу жолдарын шаңнан қорғау үшін, сілтілі ингаляция, дем алу гимнастикасын жасап, құрамында метионин және витаминдер бар ем дәмді ұстану;
  • МЕСТ-пен белгіленген, шектеулі рұқсат етілген шоғырлану (ШРШ) талаптарын сақтау;
  • Жеке қорғаныс құралдарымен (шаңға қарсы респираторлар, қорғаныс көзілдірігі) және арнайы киіммен (шаңнан қорғау комбинезондары) пайдалануын бақылау;
  • Кәсіби тексеру мерзімін сақтау;
  • Өндірістік үдерістің автоматтандыру мен механизациялаудың жаңа технологияларын енгізу (қашықтықтан басқару);
  • Құрғақ үдерістерді сулы үдерістерге алмастыру – сумен тегістеу, сумен елеу;
  • Жабдықтарды бүрку құрылғыларымен қамтамасыз ету, форсункалық сулау әдісін қолдану;
  • Шаң шығаратын жабдықтың жанында шаңды жергілікті сорып алу құрылғысын орнату;
  • Құрал-жабдықтарды герметизациялау және тиімді аспиризациясы бар шаң өткізбейтін қаптамамен жабу.

 


2018-04-02 09:23:28

Сондай-ақ оқыңыз