Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

А вирусты гепатитті алдың алу

 

«А» вирусты гепатиты әлемде кеңінен таралған жұқпалы ауру, фекалды-оралды механизмі арқылы және тұрмыстық байланыс арқылы беріледі, бауырды зақымдайды. Интокцикация пайда болады, бауыр ұлғайып сарғаяды. Гепатит бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті Қарағанды облысында  А вирусты гепатитінің тіркелуіне байланысты, 24 науқаста диагноздары зертханалық расталған, олар кәзір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бұл науқастар Шет, Бұқар жырау аудандарының, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, қалаларының науқастары. Ауырғандардың көптеген пайызы мектеп оқушылары.Спецификалық емес профилактика жеке бас гигиенасын, тазалықты, ұқыптылықты сақтауға негізделген. Егерде отбасындағы балалар кішкентай кезінен бастап тамақтанар алдында және дәретханаға барған сайын қолды сабындап жууды үйренсе, жуылмаған көкөністер мен жемістерді пайдаланбаса, шикі сүтті ішпесе және т.б. олардагепатит А жұқтырмау мүмкіндіктері бар. Отбасында және ұжымда гепатит А ауруын таралуын алдын алуда  ауру жұқтырған адам ауырған бірінші күннен бастап қоршаған ортаға қауіпті. Сондықтан да ауруды қоршаған ортадан ертерек оқшаулау керек. Гепатит А ауруына күдіктене бастаған дәрігерлер ауруды шұғыл түрде жұқпалы аурулар бөліміне жолдайды.Емдеу мекемесіне ауруды жолдағаннан кейін міндетті түрде бөлмені және ауру адамның киімдерін, төсек-орындарын, күтім заттарын, ыдыстары мен ойыншықтарын зарасыздандырады. А гепатитін жұқтыру мен таралуын болдырмау үшін келесіні есте сақтағаныңыз жөн: алтың қағидалар: тамақтанар алдында қолды жуып отыру ол дені саулықтың кепілі, қайнамаған суды  ішпеген жөн, үнемі жемістер мен көкөністер үнемі жуу керек., өнімдерді темикалық өңдеуден өткізу қажет., ауру деңгейіне қарамастан ауру адам инкубациялық кезеңнің аяғы және сарғаю кезеңі алдында қауіпті. Сарғаю басталғаннан кейін ол қоршаған ортаға қауіпсіз, гепатиттің асқынған жағдайда ауру зәрмен  және фекалмен вирус бөледі, қоршаған ортаға қауіп төндіреді, гепатит ауруымен ауырған тұлғалар дәрігердің бақылауында 35 күн болу керек, бауырдың жағдайын зертханалық бақылау жүргізулері керек, балалар мекемелерінде вирус гепатиті анықталған жағдайда 35 күнге карантин орнайды, балаларды күн сайын дәрігерлер қараулары тиіс, ауруларға күтім жасағанда қолды мұқият сабынмен жуу керек, ауру адам жатқан әсіресе бөлмені жиыстырғаннан кейін, дәретханадан кейін, оның дәретханалық заттарынан кейін, аурудың асқынуының төмендету үшін және ауру созылмалы түрге ауыспауын сақтау үшіналкогольді қолданбай дәрігер кеңес берген диетаны қатаң түрде ұстау керек және физикалық жүктемені аурудың жіті фазасында ған емес бірінші 6 ай бойы және сауыққан кейін 1 жыл бойы болдырмау керек.


2018-03-12 08:13:13

Сондай-ақ оқыңыз