Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Вирусты гепатит бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары

 

 

    Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы келесіні хабарлайды: 2017жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында «А» вирусты гепатиті ауруының өсулері тіркелді 43,5%, Павлодар облысында 2,2 есе (8 ден 18 жағдайға дейін).

Ағымдағы жылдың басында ҚР кейбір аймақтарында жағдай тұрақсызданды топтасқан жағдайлардың тіркелулерімен байланысқан, гепатит бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті Қарағанды облысында  А вирусты гепатитінің тіркелуіне байланысты, 24 науқаста диагноздары зертханалық расталған, олар кәзір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.Бұл науқастар Шет, Бұқар жырау аудандарының, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, қалаларының науқастары. Ауырғандардың көптеген пайызы мектеп оқушылары.

 Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда гепатит А ауруының тез өсуі А вирусты гепатит ауруының эпидпроцессінің циклдігі.

Осындай аурулардың көтерілулері2004-2007жылдары болған, кезекті аурудың көтеріле басталуы 2016жылдан басталған және тұрғындар арасында иммунды емес қабаттаманың жинақталғаннан пайда болған -деп  түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Бәрімізге белгілі болғандай, инфекцияны негізгі жұқтыру факторы ол ауыз су және азық-түлік өнімдері, жемістер мен көкөністер. Ауруды таратушы көзі ол А вирусты гепатитімен ауыратын ауру. Қоршаған ортаға қауіп төндіретіндер ол  сарғыштар пайда болғанға дейін аурумен ауырған адамдар., сол уақытта вирус максималды түрде ағзадан шығады. Вирус ағзаға су арқылы, тамақ, тұрмыстық-байланыс жолдары арқылы. Тұрмыстық байланыс жолдары арқылы инфекция кір қол арқылы жұғады  және вируспен байланыста болған барлық заттар арқылы жұғады.

Алдың алу шараларды сақтаған жағдайда ауруды жұқтырмаудан сақтануға болады.

Ол үшін қажет:

-         Ашық су көз құбырларынан суды ішпеу және көкөніс пен жемістерді жумау қажет;

-         Жеке бас гигиенасының элементарлы шараларын сақтау- ас ішер алдында, дәретханадан кейін, қыдырып немесе жұмыстан келген соң қолды жуып отыру;

-         Ағынды сулар ағатын жерлерге суға түспеу;

-         Адамдар жүретін бөлмелерді таза ұстау жұмыс орны немесе үйді,

қоғамдық тамақтану, сауда, коммуналды, объектілерді, өнеркәсіп бөлмелерін таза ұстау қажет.

А вирусты гепатитін алдын алуда денсаулық сақтау министрлігімен және санитариялық-эпидемиологиялықүнемі келесі шаралар жүзеге асырылып отырылады: тұрғындарға жоспарлы екпе жүргізу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады; қоғамдық тамақтану мекемелеріндегі тамақ өнімінің сапасына ұсынылатын талаптарды сақтауларын бақылау, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Вирусты А гепатиті анықталған жағдайда міндетті түрде келесі эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі: байланыста болғандарға мектептерде және үй ошақтарында  медициналық бақылау жүргізу, аурудың ерте сатысындағы ауруларды анықтау, эпидкөрсеткіштер бойынша байланыста болғандарды иммундау, ауыз суға, азық-түлік өнімдеріне зертханалық зерттеулер жүргізу, кабинетте оқыту жүйесін күшін жою, жаппай-мәдени және спорт шараларды жүргізуге шектеу қою, ағымдағы және соңғы дезинфекцияны жүргізу, Вирусты А гепатитін алдын алу бойынша ата-аналарымен, байланыста болған балалармен, тұрғындармен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу


2018-03-12 08:12:17

Сондай-ақ оқыңыз