Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Вирусты гепатиттердің алдын алуы

        Бүгінгі таңда вирусты гепатиттердің    кең таралған  А, Е, В, С, D түрлерге бөлінеді.

Вирусты гепатит А – халық арасында  «Боткина ауруы» немесе   «Сары ауру»  деген   атпен  таралған жұқпалы ауру.  Аурудың   клиникалық белгілері   құсу, лоқсу, дене қызуының көтерілуі,  әлсіздік,  тәбетінің төмендеуі,  несеп түсінің қоңырлай түсуі, көздің   ағының  және терісінің сарғаюымен сипатталады. Гепатит вирусы бауыр клеткаларын  сапасыз ауыз суды пайдаланғанда,   лас қол арқылы, жуылмаған жеміс жидек тутынғанда  және  ауруға шалдыққан науқаспен тығыз қарым қатынаста  болғанда жұқтырады.

         Вирусты гепатит В мен С ауруы барлық жерде таралатын  және  адамның инфекциялық патологиясының ішінде    алдынғы қатарда тұратын жұқпалы аурулар қатарына  жатады. Парентералды вирусты гепатиттер науқас адамнын  немесе   вирус тасмалдаушы азаматтың қаны және ұрық сүйықтығы арқылы  зақымдалған  тері және  слекей  қабаттары арқылы жұғады.  Жұқтыру жолдарының ішінде  жыныстық және «нашақорлық»  жұқтыру жолы басым  болып келеді, осыған сәйкес ауруға шалдыққандардың 90 пайызы жұмысқа қабілетті 15-30 жастағы  жас азаматардың үлесінде болуда. Аталмыш жұғу жолдары өте қауіпті болып саналады, әсіресе вирусты гепатит С ауруын жұқтыруы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,  нашақорлардың  70-90 пайызы вирусты гепатит С, В ауруларына шалдығады.   

Тұрмыстық жағдайда вируспен контаминацияланған тұрмыстық заттармен     (тіс щеткасы, қырынғын, сүлгі т.б.)  жанасқанда   микрожарағаттар  арқылы жұғады.  Сонымен қатар, бір реттік пайдаланатын  құрал саймандарды бірнеше рет пайдалану немесе көп пайдаланатын бұйымдарды әр пайдаланғаннан кейін тиісінше заласыздандырылмаған    құрал саймандармен татуировка жасағанда, құлақ тескенде және басқа да манипуляциялар жүргізгенде жұқтыру қауіпі жоғары.   

           Өте сирек жағдайда, вертикалды жұқтыру жолы орын алады, яғни ауру анасынан балаға  босану барысында жұғу.

                 Алғашқы кезеңде ауру белгілері аз байқалады- жүрек айну, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, асқазан түсының ауруы, тәбетінің төмендеуі, буындарының ауруы белгілерімен сипатталады.  Жедел вирусты гепатит В ауруы сарғайған немесе сарғаймаған түрінде  де өтіп, көп жағдайда созылмалы түріне аусып кетеді. Бұл асқыну түрінде  әлсіздік, қызыл еттерінің қансырауы, гематомалардың жиі пайда болуы, бауырдың біршама ұлғаюы  сияқты белгілер пайда болады. 

Вирусты гепатиттердің ішінде С түрі ауыр  ағымда өтеді. С вирусты гепатиттің ерекшілігі –ол  жасырын өтіп,  узақ уақытқа  дейін  ауру белгілері байқалмай,  артынша бауыр церрозына тез аусып кетуі. Аурудың белгілері  әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, тез шаршау.

Барлық вирусты гепатиттердің  түрлеріне тән вирусты адам ағзасына түсуін алдын алатын,  бір қатар ережелер бар:

Вирусты гепатит А ауруын жұқтыруда басты қауіпті фактор –қайнамаған су. Қайнамаған суды  ішуге болмайды, термикалық өндеуден өтпесе, қайнамаған сумен  жуылған жеміс жидектерді жемеген  абзал. Денсаулықтың кепілі және А вирусты гепатиттен қорғанудың бір де бір жолы ол  қайнаған немесе бөтеленген суды тұтыну.

Парентералды вирусты гепатиттерді алдын алудағы жалпы ережесі -бөгде азаматтардың биологиялық сұйықтықтармен (қаны, ұрық сүйықтығы)   жанасуға жол бермеу. Вирусты гепатит  В, С  ауруын алдын алуда шырышты қабат пен  ашық жараланған жерлерге  бөгде азаматтың қаны түскенде қауіпсіздік  сақтау қажет. Қайшыда, маникюрлық құралдарда,  сырғада, қырынатын құралдарда,  тіс щеткасында, тағыда басқа гигиеналық заттарда   вирус микрскопиялық молшерде болуы мүмкін, сондықтан басқа біреулердің  гигиеналық заттарын   бірге пайдалануға болмайды.

        Бір реттік шприцтер мен инелерді қайта пайдалануға жол бермеңіз, пирсинг, татуировка жасауда пайдаланатын  құралдардың залалсыздандырылғанына аса назар аударыңыз. Әр бір клиентке жаңа ине және бөлек тушь пайдалануы тиіс. Сіздің көзіңізше иненің жаңа қаптамасын ашуды талап етіңіз. Есте сақтаңыз, гепатит қоршаған ортада ұзақ мерзім сақталады.

Вирусты гепатит В,С жыныстық қатынас арқылы жұғады, сондықтан жыныстық қатынаста қауіпсіздікті сақтау қажет, бей берекетсіз қатынасқа жол бермеу, мүшеқап пайдалану.

      Вирусты гепатит А мен В ауруын алдын алуда арнайы -спецификалық алдын алу  жолдары да бар.  ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес вирусты гепатит В ауруына қарсы 3  дүркіннен тұратын  егу жүргізіледі, оның алғашқысы бала дүниеге келеген уақыттан бастап 12 сағаттың ішінде, қалғаны баланың  2  және  4 айлығында жүргізіледі. Вирусты  гепатит А ауруына қарсы  егу  бала  2 жасқа толғанда,  егу арасына 6 ай салып -  2 рет егіледі.  Жоспарлы алдын ала егу шараларынан  басқа індеттік көрсеткіштерге сәйкес профилактикалық екпелермен  қарымқатынастағылар  қамтылады. Яғни,  В вирусты гепатит ауруымен қарым қатынаста болған азаматтар ВГВ ауруына қарсы, А вирусты гепатит ауруына шалдыққан науқаспен қарымқатынаста болған 14 жасқа дейінгі балалар 72 сағаттың ішінде  А вирусты гепатит ауруына қарсы егулермен қамтылады.


2017-12-20 16:10:14

Сондай-ақ оқыңыз