Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Қырғызстан Республикасында өндірілетін кондитерлік және консервіленген өнімдерді Қазақстан Республикасында әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қойылды»

Ақсу қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақсу қаласының және Ақсу өңірінің тұрғындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бас санитариялық дәрігердің «Кондитерлік өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 21 қарашадағы №7-П Қаулысын, «Консервіленген өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша

шектеу қою туралы» 2017жылғы 21 қарашадағы №8-П Қаулысын, «Кондитерлік өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 21 қарашадағы №9-П Қаулысын Қаулысын мәлімдеп отыр:

1. «Кондитерлік өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 21 қарашадағы №7-П Қаулысы - Қазақстан Республикасының аумағына «АТА» кондитерлік фабрикасы өндірген (Қырғыз Республикасы, Шопоков қаласы, Новостройка көшесі, 17) барлық кондитерлік өнімдердің түрлері Қазақстаннның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшалары тобы бактериялары, ашытқы, көгерген) және таңбалау (жарамдылық мерзімінің және сақтаушарттарының болмауы) бойынша сәйкес келмейтін кондитерлік өнімдердің өткізілу фактілері анықталды.

2. «Консервіленген өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 21 қарашадағы №8-П Қаулысы - Қазақстан Республикасының аумағына «RAMAX» ОсОО «РАМАКС» өндірген консервіленген өнімдері (Қырғыз Республикасы, Сокулукский ауданы, Военно-Антоновка ауылы, 3 квартал, №1 үй және Бішкек қаласы, Чуй даңғылы, 226/2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына физико-химиялық көрсеткіштер (хлорид үлесінің массалық салмағының төмендеуі 0,0004% норма бойынша 0,8-1,5% болуы тиіс) және таңбалау (дайыдалған күні көрсетілмеген және мемлекеттік тілдегі нұсқауы жоқ) бойынша сәйкес келмейтін консервіленген өнімдердің өткізілу фактілері анықталды.

3. «Кондитерлік өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 21 қарашадағы №9-П Қаулысы - Қазақстан Республикасының аумағына «Куликовский» кондитерлік үйі» өндірген (Қырғыз Республикасы, Аламудун селосы, Алматинская көшесі, 2) барлық кондитерлік өнімдердің түрлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР) және «Таңбалау бөлігіндегі

тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшалары тобы бактериялары) және таңбалау (жарамдылық мерзімінің және сақтау шарттарының болмауы) бойынша сәйкес келмейтін кондитерлік өнімдердің өткізілу фактілері анықталды.


2017-11-30 17:09:26

Сондай-ақ оқыңыз