Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Темекісіз өмір

«Темекісіз өмір» - қатысушылары арасындағы
екі жақтың қызметтестігі туралы
МЕМОРАНДУМ
 
 
                  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Павлодар облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Ақсу қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Ақсу қаласының ұйымдары мен мекемелері арасындағы өзара сектораралық әрекеттестікті қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты № 176 Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын дамыту шеңберінде шараларды орындау негізінде  (әрі-Бағдарлама), салауатты өмір салтын насихаттау саласында мемлекеттік саясатын дамыту, халық арасында темекі шегудің кең таралуына байланысты алаңдауды таныту салдарында, осы мақсаттардың маңыздылығын түсіну ретінде облыста бірыңғай темекіге қарсы саясатты жүргізу және осыған қол жеткізу, сонымен қатар халық, кәсіпорын қызметкерлері арасында темекі шегудің алдын алу сауалдарын шешуде әр Жақтың міндеттері мен салым мүмкіншілігін ескере отырып, қоғам денсаулығын сақтау мақсатында кейінгі өзара әрекеттестікке ықпал етуге ұмтылу негізінде МЕМОРАНДУМҒА келісім жасады.
         1. Меморандумды келісудің мақсаты:  
- қоғам денсаулығын сақтау төңірегінде облыста Жақтар арасында ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету,  бірыңғай темекіге қарсы саясатты дамыту, өзара қызығушылықты ұсынатын ҚР заңдылығымен қаралған функцияларды бөлу есебінде ықпал ету. 
         Екі Жақ арасындағы қызметтестік Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылып, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің сақталуы принциптеріне байланысты, ҚР Үкіметінің Қаулыларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге, басқа да нормативті құқықтық актілерге сәйкес негізінделеді.  
         2. Жетістіктері:
 - «Темекісіз өмір» жобасын бірлесіп дамыту екі Жақтың арасындағы қызметтестік болып табылады.
- Жобаның мақсатына қол жеткізу үшін Жақтар барлық мүмкіншіліктерін жасайды.
3. Жоба міндеттерін дамытуда төмендегілер қаралады:
-темекіге қарсы саясатты жетілдіру, темекі шегуден бас тарту мен оның зияны бойынша сектораралық қызметтестікті ұйымдастыру;
-өз территориясында темекіден бас тартумен 100% ұйымдардың мөлшерін көбейту;
-кәсіпорын қызметкерлері мен жұмыскерлері арасында салауатты өмір салты, темекі шегудің алдын алу, темекі шегуден бас тарту мен оның зияны бойынша түсіндіру жұмысын кең түрде жүргізу.
         Осы құжатқа сәйкес келісім жасаған барлық қатысушылар жұмыс орындарында, қалалық және әуе көлігінде, жабық спорттық құрылғыларда, денсаулық сақтау ұйымдарында, мәдени, білім беру және басқа да қоғамдық жерлерде 100 пайыздық темекі шегуден бас тартуға қол жеткізу үшін бар жігерін салатынына сөз берді.
     Меморандум белгісіз мерзімге жасалды. Осы Меморандумның әрекет етуі бір жақты бас тартумен аяқталуы мүмкін. Осы Меморандумның бұзылуына ықпал ететін Жақ мерзімі аяқталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде келесі Жақты жазбаша түрде хабарландыруға міндетті, осы мерзімнен кейін Меморандум бұзылды деп есептеледі.


2017-11-17 09:40:38

Сондай-ақ оқыңыз