Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы Дүниежүзілік апталық жүргізіледі.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің ақпараты негізінде 2017жылғы 13 қараша және 19 қараша аралығында антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы Дүниежүзілік апталық жүргізіледі.
   2015 жылы әлемнің Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының 68-сессиясында микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықпен күрес бойынша жаһандық іс-қимыл жоспарын қабылдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өткізілді.
  Антибиотиктер – адамзаттың ең үлкен жетістігі. Оларды ашқаннан кейін тырысқақ, дизентерия, өкпе қабынуы т.б. сияқты асқынған аурулар тиімді емделуде. Дәуірі басталды.
  Антибиотиктердің тарихы 70 жылдан аса уақытты қамтиды, бұл тарих зеңнен Пенициллинді бөліп алған британ бактериологы Сэр Алекса́ндр Фле́мингтен бастау алады. “антибиотик” антибиос, көне грек тілінен аударғанда (“анти” – қарсы, “биос” – өмір).
 Көптеген жылдар бойы адамзат антибиотиктерді аурумен күресу үшін қолдануда. Осы уақыт аралығында микроорганизмдер өзгеріп, антибиотиктерге тұрақтылықты қалыптасыруды үйренген. Бұл құбылыс жасқа, әлеуметтік немесе этникалық топтарға бөлінбестен, халықтың барлық қабаттарын қозғайды.
            Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылығының даму себептері
- Адамдық фактор;
-Антибиотиктердің шектен тыс тағайындалуы;
- Антибиотиктердің теріс қолданылуы (ұтымсыз);
- Антибиотиктерді өзіндік тағайындау.
   Апталық шеңберінде Дәрі орталығы халық арасынан «Антибиотиктерге тұрақтылық туралы не білесіз?» тақырыбында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен құрастырылған сауалнама бойынша сұрастыру жүргізді.
Өңір: Астана қаласы
Мақсатты аудитория: емхана емделушілері
Сұрастырылған емделушілер саны: 175 адам
Олардың ішінде 47 ер адам және 128 әйел
Орта жас: 35,5 жас.
Не анықталды?
- Емделушілер антибиотиктерді қолдану ережелері жөнінде нашар біледі;
- Халық арасында антибиотиктерді қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет;
-Халықта антибиотикке тұрақтылықтың өрбуіне қатысты жалпы жауапкершілікті түсінік бар.
Әрқайсымыз не істей аламыз?
- Дәрігердің тағайындауынсыз, өзіндік емделу тәртібінде антибиотиктерді қолданбау;
- Вирусты инфекцияны емдеуде антибиотиктерді қолданбау;
- «Алдын алу үшін», «ешнарсе болмауы үшін», «сақтандыру үшін» антибиотиктерді қолданбау;
- Жақсару белгілерін сезінгенде антибиотиктерді қабылдауды тоқтатпай, дәрігермен белгіленген толық емдеу курсын бітіру;
- Дәрігермен бәлгіленген антибиотик дозасын өзгертпеу;
- «Қымбат және тастауға аянышты » деген оймен емдеу курсы біткен уақытта да, антибиотикті қабылдауды тоқтату;
- Сізге тағайындалған антибиотиктерді басқа адамдарға бермеңіз;
- Егер дәрігер антибиотикті тағайындамаса, бұл аяғанын емес ол сізге көрсетілмегенін білдіреді.
Одан өтінудің, шағымданудың немесе басқа дәрігерге жүгірудің қажеті жоқ.
Антибиотиктерді тек дәрігер тағайындаған жағдайда ғана адам антибиотиктерге
тұрақтылықтың дамуына қарсы тұруға көмектесуі мүмкін.
Есте сақтаңыз, «anti bios» атауы – өмірге қарсы деген ұғымнан шыққан!
Антибиотиктер – абайлап қолданыңыздар!


2017-11-17 09:38:55

Сондай-ақ оқыңыз