Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Қырғызстан Республикасында өндірілетін кондитерлік және ет, сүт өнімдерін Қазақстан Республикасында тасымалдауға, өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қойылды»

Ақсу қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақсу қаласының және Ақсу өңірінің тұрғындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бас санитариялық дәрігердің «Кондитерлік өнімдерді тасымалдауға, өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 10 қарашадағы №3-П Қаулысын, «Ет өнімдерін тасымалдауға, өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 10 қарашадағы №5-П Қаулысын, «Сүт өнімдерін тасымалдауға, өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 10 қарашадағы №2-П және 4-П Қаулысын мәлімдеп отыр:

1).«Кондитерлік өнімдерді тасымалдауға, өткізуге уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шектеу қою туралы» 2017жылғы 10 қарашадағы №3-П Қаулысы - Қазақстан Республикасының аумағына «КД «Куликовский» ЖШС өндірген (Қырғыз Республикасы, Аламудунин селосы, Алматы көшесі,2) «Трубочки» пирожноесі»; «Құс сүті» торты»; «Maкарон ассорти» печеньесі» Қазақстаннның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшалары тобы бактериялары) және таңбалау (жарамдылық мерзімінің және сақтаушарттарының болмауы) бойынша сәйкес келмейтін кондитерлік  өнімдердің өткізілу фактілері анықталды.

            2). "Ет  өнімдерін  әкелуге  және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы" 2017жылғы 10 қарашадағы №5-П Қаулысы- Қазақстанның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО 034/2013) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына микробиологиялық көрсеткіштер (ішек таяқшалары тобы бактериялары), таңбалау (өнімнің саны, дайындалған күні, өндірушінің атауы туралы ақпараттың, ЕАО бірыңғай белгісінің, мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы) бойынша сәйкес келмейтін ет өнімдерінің өткізілу фактілері анықталды.

            3).«Сүт  өнімдерін  әкелуге  және  өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» 2017жылғы 10 қарашадағы №2-П Қаулысы- «Ақ-Сүт» ААҚ өндірген (Қырғыз Республикасы,  Беловодское селосы, Мәскеу ауданы, Октябрь көшесі, 55) м.м.ү. 72% шаруа сары майы Қазақстаннның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО 033/2013) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына микробиологиялық (ішек таяқшалары тобы бактериялары) және химиялық көрсеткіштер (ылғалдыңкөп болуы, таңбалауда көрсетілген майдың массалық үлесі бойынша сәйкес келмейді) бойынша сәйкес келмейтін сүт өнімдерінің өткізілу фактілері анықталды.

4).«Сүт  өнімдерін әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды  енгізу туралы» 2017жылғы 10 қарашадағы №4-П Қаулысы- «Эмилия» ОсОО өндірген (Қырғыз Республикасы, Талас ауданы, Қызыл-Адыр селосы, Промышленная көшесі, 1)  «Голландтық ірімшікті»  45 % майлығы Қазақстаннның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО 033/2013) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына дайындалған күнінің, жарамдылық мерзімінің және сақтау шарттарының болмауы бөлігінде сәйкес келмейтін сүт өнімдерінің өткізілу фактілерінің анықталды.


2017-11-16 12:13:23

Сондай-ақ оқыңыз