Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Туберкулезбен күресу – барлық және әр адамның ісі

Әлемдегі барлық денсаулықты сақтау мекемелерінде жаңа проблема туындады - туберкулезге қарсы препараттарға туберкулездің көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылығы (КДТ ТҚП) .

 Әлемде жыл сайын 400 мыңға жуық аурудың жаңа түрлері тіркеледі және 150мыңға жуық мультирезистентті туберкулез өлім-жітіммен аяқталады.

   Ақсу өңірінде белсенді туберкулезбен есепте тұрғандардың жалпы санының 63,5% туберкулездің тұрақты түрімен ауыратын аурулар құрайды.

    Көптеген дәрілік тұрақтылығы бар тубереркулез- ол ауру қоздырғышы тұрақтанып тұратын тубекулездің ерекше үлгісі, нақтырақ айтқанда көптеген туберкулезге қарсы резистентті препараттарға тиімді болып келеді - изонизинге және рифампицинге және басқа туберкулезге қарсы препараттарға. Басқаша сөзбен айтқанда туберкулездің осы үлгісін емдегенде бактериялар өлмейді және сәйкесінше ауру да жазылмайды. Дәрі-дермектіктің тұрақтылығымен жүрген аурулар, туберкулез микобактерияларының таралуының көзі болып келеді.

    Туберкулездің аталған үлгісінің таралуы және дамуы әдеттегі тубекулезден айырмашылығы жоқ. Негізгі таралу көзі, әдеттегі туберкулез сияқты ауа-тамшылары арқылы. Микобактериялар препараттаға тұрақты болып келеді, ауру адамдардың  жөтелдерінен, түшкіргенде, қатты сөйлегенде, түкіргеннен кейін қоршаған ортаға ауру таратушы болып келеді. Ауру адаммен жиі және ұзақ уақыт бойы, ауасы алмастырылмайтың бөлмеде байланыста болған мезетте, ауадағы бактериялар бірнеше мың рет ауада таралаған уақытта ауруды жұқтыру мүмкін. Осыған орай ауруды жұқтыру қауіпі туындауы мүмкін, өйткені ауа барлық адамдарға бірегей болып келеді.

     Ауруды әр жастағылар жұқтырулары мүмкін, әсіресе ол балалар үшін және иммунитеті төмен ересек адамдар үшін қауіпті (құнарсыз тамақтану, жиі қалтырау,  ВИЧ инфекциясы аурулары, қант диабеті және т.б.). Инфицирленген тұлғалардың көбінде, ағзаның қорғаушы күші жақсы, жеткілікті болғанда ғана  туберкулез дамымайды.

 Сондықтан да, салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. 

Көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылықтағы  туберкулездің негізі белгілері, әдеттегі туберкулездің симптомдарынан айырмашылығы жоқ. Ол жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде қуысындағы аурулар, асқа тәбеттің болмауы, жүдеу, дем алысының тарылуы, қанқұсу.

 Тұрақты туберкулездің үлгісін қалыптастыруының себептері:

-         Ауру адамның туберкулезді емдеуге немқұрай қарағаны, ауру ауруды тоқтатып немесе емдеу мекемесінен өз еркімен кетіп қалса,дәрі-дәрмектерді қабылдау үшін медициналық мекемелерге бармауы, дәрігерідің айтқаның орындамауы;

-         Туберкулезге қарсы препараттарды бақылаусыз қабылдауы. Ауру адам препараттың әр дозасын медициналық қызметкердің бақылауы бойынша қабылдауы тиіс, әр ішуге қабылданатын таблетка  стационарда бақылауы тиіс, амбулаториялық емделу кезеңінде де.

-         Арнайы медициналық мекемелерде емес өз өзін емдеу және тәуіптерде емделу;

-         Ем қабылдауды бастаған аурулардың тұратын жерлерін жиі ауыстырулары, келген жерлері (көшіқон) осының бәрі ем қабылдауларын үзулерін, препараттарды уақытылы қабылдамаулары және ақыры соңында ем қабылдаулары үзіледі.

Көптеген дәрілік тұрақтылығы бар туберкулез диагнозын қою үшін, туберкулез препараттарына туберкулез таяқшаларының сезімталдығын анықтау үшін арнайы қақырыққа зерттеу жүргізіледі, қазіргі уақытта диагностиканың жаңа молекулярлық-генетикалық экспресс әдістері құрылған, олар тұрақтылықты 1-2 күн ішінде анықтайды. Уақытылы қойылған диагноз аурудан айығуға мүмкіндік береді.

  Аталған туберкулездің емделуі созылмалы кақытты талап етеді аз дегенде 24 ай. Тек осы уақытта ғана туберкулездің тұрақты микобактериалары жойылады. Ауруды бақылаусыз және дұрыс емдемесе ауру емделмейді.

          КДТ ең басты ескертулері туберкулездің әдеттегі түрімен ауыратындарды сапалы емдеу. Ауру ем қабылдап жатқан барлық емдеу мекемелерінде ем қабылдаудың барлық курсында дәрі-дәрмектерді медициналық қызметкерлердің бақылауымен ғана қабылдау ұйымдастырылған.

        Ең бастысы, көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылығы бойынша туберкулездің жаңа  түрлерінің енулерін болдырмауын туберкулезбен ауыратын әр адам, оның туысқандары және жақындары, барлық деңгейдегі медициналық қызметкерлері есте сақтаулары тиіс. Осы түрдегі туберкулездің таралуына, аталған ауруға бақылауды жоғалтуымыз  мүмкін екенің есте сақтауымыз керек.


2017-11-10 17:21:16

Сондай-ақ оқыңыз