Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Биологиялық активті қоспаларға жарнама

Жарнама деген не?

   Жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауарбелгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағамға биологиялық активті қоспалар жарнамасын орналастыру ол денсаулық сақтау және жарнама саласындағы заңнамаларға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №284 бұйрығымен бекітілген«Тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларына»сәйкес ББҚ-ға жарнама мынадай талаптардан тұрады:

- мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады;

- аудио жарнаманың жарнамалық мәтіндерін қоспағанда, жеңіл оқылатын, түсінікті және анық қаріппен басылады;

- дәрілік заттармен салыстыруға болмайды;

- емдік қасиеттерінің болуы туралы мәліметтерді қамтуға болмайды;

- дұрыс және түсінікті болып табылады (арнайы білімді қолданбай немесе арнайы құралдарды қолданбай);

- тұтынушыларды олардың сенімін асыра пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданылуының болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне қатысты жаңылыстырмайды;

- ұтымды қолданылуына ықпал етеді;

- мазмұнында жарнамаланатын тағамға биологиялық активті қоспаларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен салыстыру, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтіретін сөздер, бейнелер болмайды;

- жарнамада өзінің танымалдығына байланысты биологиялық активті қоспаларды қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға болмайды.

Биологиялық активті қоспаларды жарнамалау әрбір жағдайда жарнамалау объектісі дәрілік зат болып табылмайтыны туралы ескертумен ілесе жүреді.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті

Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

 

 

 

2017ж 25.10


2017-10-25 14:57:48

Сондай-ақ оқыңыз