Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу өңірінде Дүние жүзілік құтырма мен күресу күні қарсаңында айлық жүргізілуде

 

   28 қыркүйекте құтырмамен күресу бойынша Дүниежүзілік альянстың бастамасымен  2007 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік құтырмамен күресу күні бекітілген.

    Аталған акцияның мақсаты – бұл аурудың таралуы проблемасына және салдарына назар аудару. Жұқпалы аурулардың арасында құтырма (ауруды жұқтырған адамға шұғыл түрде қажетті көмек көрсетілмесе, ол адам қайтыс болып кетуі мүмкін) өлім-жітім бойынша ерекше орын алуда.

     Дүниежүзілік құтырмамен күресу күні қарсаңында және профилактикалық, эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы шараларды күшейту мақсатында 25 қыркүйек және 25 қазан аралығында облысымызда құтырманың алдын алу бойынша айлық жарияланды.    Ақсу қаласы ветеринария бөлімімен бірлесіп Ақсу өңірінің барша тұрғындарына келесі  іс-шаралар жоспарланған:

- адамдар жаппай жиналатын жерлерде акциялар жүргізіледі, онда басқарма мамандары акнтирабиялық көмек көрсету және жануарларды ұстау ережелері туралы тұрғындардың сұрақтарына жауап береді;

- құтырманы жұқтырудағы сақтану туралы тұрғындардың білімдерін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, құтырманың алдын алу туралы жаднамалар, парақшалар таратылады;

- қала мектептерінде «Абайлаңыз құтырма!» тақырыбында диктанттар жазылып және сынып сағаттары өткізіледі.

Радиода сөз сөйлеу, баспаларда, әкім сайттарында құтырманың алдын алу туралы  мақалалар жолдау жоспарлануда.

   Облыстың тұрғындары арасында құтырманың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары 25 қыркүйектен басталды және ай бойы жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 10.02

 

 

 

 


2017-10-03 15:45:01

Сондай-ақ оқыңыз