Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Балалар арасында туберкулездің алдын алу»

 

  Туберкулез әлемдегі аса кең таралған аурулардың бірі және халықтың денсаулығына қауіп төндіреді.

    Кез-келген жаста туберкулезге жұқтырылуға болады, әсіресе ол ағзасы әлсіз балаларға қауіпті (нашар тамақтану, жиі салқындану, ілескен аурулармен ауырғанда және басқалары). Көп жағдайда туберкулезбен ауыратын үлкендерден жұғады.

  Балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің алғашқы белгілері ағзаның тұтас халінің өзгеруімен сипатталады. Балалардың дене салмағы мен бойы тоқтайды, терісі жұқарып, ағарады, құрғақ болады, әсіресе дене бұлшық еттері нашар дамиды, тәбеті нашарлайды, дене қызуы сәл артады, жылдам шаршайды, қақырықпен және қақырықсыз сирек жөтел пайда болады.

   Балаларда туберкулез бойынша диагноз қою қиын, өйткені өкпе туберкулезімен ауыратын балалар сирек жөтеледі және тіпті қақырық бөлмейді.

     Жасы 1-ден 14-ке дейінгі балаларда туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі туберкулинодиагностика болып табылады.

      Манту туберкулин сынамасы – бала ағзасында туберкулез бактериясын анықтауға арналған диагностикалық тест болып табылады. Манту сынамасының зияны жоқ екенін атап өткен жөн. Туберкулин құрамында тірі микроағзалар  болмайды және қолданылатын дозасында ағзаның иммундық жүйесіне де, тұтастай бүкіл ағзаға да әсер етпейді.

    Манту сынамасының нәтижесі туберкулинді енгізген жердегі реакция бойынша 72 сағаттан соң бағаланады. Укол жасаған жерде қызарынқы ісіктің пайда болуы бала ағзасына туберкулез таяқшасының түскенін білдіреді.

    Баланың туберкулез таяқшасымен жұқтырылғанын немесе сырқат екенін анықтау үшін одан әрі рентгенологиялық тексеруден өтуі қажет, оның нәтижесі бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы жауап беруге болады. Белгіленген мерзімдерді ұзартудың салдары қауіпті, өйткені егер бала туберкулезбен ауырса, және аурудың алғашқы сатысы болса, ешбір ауру белгілері болмаса, оны емдемесе, ауру күшейе түседі, асқынулар қалыптасады.

   Туберкулездің алдын алуда бала ағзасының туберкулезге қарсы жұқпаға қарсыласуын арттыруға бағытталған БЦЖ екпесі негізгі орынға ие болады.

    БЦЖ екпесінің құрамында туберкулез микробактериясының тірі, бірақ әлсіз штаммалары болады. Әлсіз микробтар ауру тудыратын мүмкіндіктері жоқ, тиісінше бұндай екпелер адам үшін қауіпсіз.

    Жаңа туған балаға екпе енгізуден кейін иммунитет бірден қалыптаспайды, ол үшін шамамен 4-6 апта қажет. Сондықтан осы кезеңде баланы туберкулездің жұғуынан мұқият қорғау қажет. Егер жаңа туған бала туберкулезбен ауыратын сырқатпен тығыз қатынаста болса, туберкулез бактериялары бала өмірінің алғашқы аптасында, яғни оның ағзасында иммунитет қалыптасқанша жұғуы мүмкін. Сондықтан жаңа туған бала алғашқы 8 апта ішінде отбасында туберкулезбен ауыратын сырқаттар болса, олардан оқшаулануы тиіс.

   Туберкулезге қарсы екпе енгізілгеннен кейін ағзада қалыптасатын иммунитет тек белгілі уақыт бойы ғана сақталады. Сондықтан бірнеше жылдан кейін екпені қайта жасату қажет, яғни ревакцинация жасалады. Біздің елде ревакцинация 6-7 жылда бір рет, бала орта мектептің бірінші сыныбына түскен кезде оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) жасалады. Ревакцинация тек туберкулин сынамасы (Манту сынамасы) теріс нәтижені берген балаларға ғана жасалады.

    Балаларда туберкулездің алдын алудың негізгі шарасы – салауатты өмір салтын жүргізу, толық тамақтану, жүйелі түрде дене шынықтыру, толық демалу. Балалардың жиі таза ауада болғаны жөн, жүйелі түрде үй-жайды желдетіп отыру керек. Баланың ата-анасы оны қарапайым санитариялық ережелерді сақтауға үйретуі тиіс: жөтелгенде және түшкіргенде майлықты немесе орамалды қолдану.

     Балалар туберкулезіне қарсы күрестің жетістігі ата-ананың өзіне байланысты. Олардың баланы қорғауда еркі мен ықыласы ғажайып істер жасауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 26.09


2017-09-26 12:22:14

Сондай-ақ оқыңыз