Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Туляремия – қауіпті ауру!

 

  Туляремия – табиғи-ошақтыинфекциялық ауру.

Павлодар облысының ошағы туляремия бойынша кеміргіштер зақымдауының жоғары көрсеткішімен белсенді табиғи ошақ болып табылады.

    2016 жылы облыста туляремияның 4 жағдайы тіркелген, олар Павлодар ауданының Чернорецк, Жаңа-Черноярка және Луганск ауылдарында. Барлық жағдайларда сырқаттанғандар Павлодар ауданының ШҚ көкөністерді жинаумен, өңдеумен айналысуға қатысқан, шыбындардың тістегенін айтып, кеміргіштермен қатынаста болған. 

   Инфекцияның қоздырғышы туляремия таяқшасы болып табылады, ол ішкі ортада ұзақ уақыт бойы сақталады: суда, ылғалды топырақта, астықта,  шөпте, азық-түлік тағамдарында. Табиғатта инфекцияны үй тышқандарынан, егеуқұйрықтардан, ұсақ жабайы кеміргіштер, қояндар да қолдап жұқтыруы мүмкін.  Тасымалдаушылар ретінде түрлі кенелер, әсіресе иксодты, қан сорғыш жәндіктер болып табылады. 

   Жұқтырудансоң, 3-7күнненкейінаурудыңалғашқыбелгілеріанықталады, ол 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Ауру күрт басталады. Науқастың дене қызуы 39-40°С дейін көтеріледі, басы ауырады, әлсіздік, тершілдік, тоңу, бұлшық еттердің ауырсынуы, тәбеттің төмендеуі мен ұйқының бұзылуы байқалады. Ауыр жағдайларда құсу пайда болып, мұрыннан қан кетуі де мүмкін. Осымен бірге туляремияның кез-келген формасында науқастарда бездері ұлғаяды, оларды ұстау кезінде ауырсыну байқалады.

  Туляремияға көптеген жұқпа көздері мен берілу жолдары тән. Адамға жұғуы мүмкін жағдайлар: 

- қатынасты жолмен – тері және сыртқы сілемейлі қаптама арқылы жұқпаланған кеміргіштермен, су және азық-түліктермен жанасқан кезде, сонымен қатар аң терілерін шешу кезінде де, жеткілікті мөлшерде пісірілмеген етті жеу, шикі суды ішу кезінде адамдар осы ауру түрін жұқтырулары мүмкін;

- аспирациялық жлмен – тыныс алу мүшелері арқылы жұқпаланған шаңды жұту арқылы және тыныс алу жолдары арқылы сілемейлі қаптамалар арқылы шаңмен тыныс алу кезінде.

- алиментарлы жолмен – қайнамаған суды пайдалану кезінде, құдық, табиғи су қоймаларының, шаруашылық жұмыстар кезінде қайнамаған суды қолдану кезінде (шөппен, астықпен, жеммен, қоқыспен, және т.б.), және де кеміргіштермен зарарланған азық-түлік өнімдерін тамаққа пайдалану кезінде; - трансмиссивті жолмен -  шыбын тістеген кезде, яғни (кене, бүрге, сары масалар, т.б.). Осыдан басқа, тістеген орынды лас қолмен қасыған немесе денеде өлтірген кезде, туляремияны жұқтыруға болады. 

Туляремияның эпидемиологиялық ерекшелігі болып адамның жасы мен жынысына қарамастан 100 % оған қатыстылығы болып табылады.            Сырқаттың негізгі профилактикалық шаралары болып табылады:

- халық иммунизациясы,вакцинация 7 жастан бастап өткізіледі, ол аурудан 5 жыл бойы қорғайды. Ауруға иммуннды тұрақтылық кезінде 90% туляремиямен сырқаттану іске аспайды;

-кеміргіштер мен тасымалдаушыларды жою – қан сорғыш жәндіктерді, қан сорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін жеке қорғаныш құралдарын пайдаланған жөн – репелленттерді, қорғаныш пологтарды, торларды;

- Үйлердің, үй асты жайларының, қоралардың, қойма жайларының және құдықтардың санитариялық жағдайына назар аударған маңызды. Аумақты қоқыс пен керексіз заттардан мерзімінде тазартып отыру қажет. Қоқыс салғыштарды нық жабылатын қақпақтармен қамту қажет;

-Азық-түліктерді кеміргіштер жетпейтін жерлерде сақтау, кеміргіштер ластаған өнімдерді пайдаланбау, сонымен қатар кеміргіштер кемірген саңырауқұлақтарды жинамау, ішуге тек қайнаған суды ғана пайдалану. Жайларда кеміргіштердің азық-түліктерге енуіне жол бермеу үшін тесіктерді цементпен, сынған шынымен, темірмен бітеу керек.  

- жеке қорғаныш құралдарын пайдалану (респиратор, қолғаптар) шаңмен байланысты жұмыстарды атқару кезінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 26.09

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2017-09-26 12:10:49

Сондай-ақ оқыңыз