Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Компьютермен жұмыс жасаған кезде баланың денсаулығын қалай сақтауға болады?


      Компъютерлік техникамен жұмыс жасаудағы соматикалық аурулардың алдын алу тақырыбының өзектілігі күннен күнге артып келеді.
     Егер балалар көп уақыттарын компьютер алдында өткізсе, балада гиподинамия қалыптасады, дене мүсіні, көру қабілеті бұзылады, электромагниттік және электростатикалық желілер минералды алмасуын бұза отырып, қан құрамына әсер етеді.
Компьютер жұмыс жасағанда монитордың айналасында электростатикалық желі пайда болады, олар шаң түйіршіктерін өзіне тартады. Олар өзіне түрлі аллергендер мен микробтарды бейтараптандырады, сондықтан да, монитордың алдында ұзақ уақыт бойы отыру аллергия және тері ауруларының, тері және шаштың құрғақ болуларына әсерін тигізеді.
    Компъютер техникасының денсаулыққа зиян тигізбеуі үшін бірнеше ережелерді сақтаған жөн.
   Мониторды көзбен шолу сызығы экран орталығына перпендикулярлы орналасуы керек. Көз бен экран арақашықтығы – кемінде 60-70 см құрайды.
Монитор бетінде жарық дақтарын болдырмау үшін терезелерді күндізгі жарықты өткізбейтін жалюзи немесе перде қорғаныс құралдарымен жабдықтау қажет. Компьютер кабинеттеріндегі қабырғаларды көгілдір, монитор экраны сияқты ақшыл-сұр, жалюзи немесе перде- интерьер түсі, ал жасанды жарықтандыруда люминесцентті лампаларды қолданған жөн.
   Көздің шаршауының алғашқы белгілері экраннан бас алмай жұмыс жасағанда 45 минуттан соң байқала бастайды. Сондықтан да әр 20-25 минут сайын алдын алу мақсатында көзге гимнастика жасау қажет және 45 минуттан кейін денешынықтыру үзілісін жасау қажет- барлық денеге жаттығу.
   Әр оқушы компъютермен жұмыс жасағанда өз бойына сәйкес жиһазбен қамтылуы тиіс- клавиатура қоятын тартпасы бар 1 орындық үстел және орындықпен (табурет, орындықтар рұқсат етілмейді). Бір уақытта екі адамның бір компъютермен жұмыс жасауларына рұқсат етілмейді.
   Сұйықкристалды экраны бар компьютерде бір жұмыс орнына аудан нормативі – кемінде 4 ш.м.
Информатика кабинеті жақсы желдетумен қамтамасыз етілуі тиіс. Чижов аспашамдары үлгісіндегі әртүрлі ионизаторларды қолдануға рұқсат етіледі, олар теріс зарядпен қажетті аэроиондарды беріп жағымсыз иістерді жояды. Әр үзіліс сайын оқу бөлмелерінде ауаны алмастыру және ылғалды жыйыстыру жұмыстарын жүргізіп отыру электростатикалық кернеуді шешуге өте пайдалы.
    Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру және компьютерді пайдалану тәртібін сақтау Сіздің балаңыздың денсаулығын ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

2017 ж 11.09


2017-09-11 10:44:42

Сондай-ақ оқыңыз