Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Мөлдір су» атты айлық жүргізілетінін хабарлайды

 ҚР ДСМ ҚДСК Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақсу қаласының және ауылдық аймақтарының тұрғындарына 2017 жылғы 23 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында «Мөлдір су» атты айлық жүргізілетінін хабарлайды.

     ҚР ДСМ ҚДСК Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен айлық жүргізу туралы 2017 жылғы 22 тамызда №19-28-305-339-Ө бұйрық шығарылды және «Мөлдір су» атты айлық жүргізу бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді.

Басымды бағыттары:

1.  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі, «2020 жылдарға дейін өңірлерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама».

2. Қолданатын ауыз судың сапасын арттыру және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тұрғындарды ақпараттандыру.

3. Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу және соматикалық аурулардың пайда болуына судың сапасы туралы.

Келесі іс-шараларды өткізу жоспарланды:

  1. Су құбыры құрылыстарының жұмыскерлерімен, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, кәсіпкерлер палатасымен, «Нұр-Отан» партиясымен, ТҮКШ бірлесіп тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту туралы дөңгелек үстел өткізу.
  2. Су арқылы жұғатын ауыз судың сапасы және  жұқпалы аурулардың алдын алу туралы тұтынушыларға сауалнама жүргізу.
  3. Тұтынушыларға ақпараттық материалдарды таратуды ұйымдастыру: адамдар жаппай жүретін жерлерде буклеттер, жаднамалар, ұсынымдар.
  4. Су құбыры құрылыстарының жұмыскерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Отан партиясы, ТҮКШ  бірлесе СЭСО зертханасымен орталықтандырылған су құбырынан, ұңғыма, жеке құдықтардан, Ертіс өзені маңындағы ауылдардан суды сынамаға алумен  «Мөлдір су – болашақтың саулығы» атты акция ұйымдастыру және жүргізу (23.08.2017ж – 06.09.2017ж).
  5. Ауылдық аймақтардағы  ауыз сумен қамтамасыз ететін барлық объектілерге нақты әр  су көздерін есепке алуымен  және сумен қамту объектілердің санитарлық-техникалық жағдайларына ревизия жүргізуімен қоса салыстыру жүргізу.
  6. Әкімдік қарауына тұрғындарды сумен қамтамасыз етудегі проблемалық сұрақтарды қарауға шығару.
  7. Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша және соматикалық аурулардың пайда болуына судың сапасы туралы дәріс оқу.
  8. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы мониторинг шеңберінде мектептерді ауыз сумен қамту және сапасын тексеру.
  9. Су арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар.

Ақсу қаласының және ауылдық аймақтардың тұрғындарына аталған акцияға  қатысуларыңызды, ауыз судың сапасы бойынша өз ұсыныстарыңыз, шағымдарыңыз, ескертулеріңіз бен пікірлеріңізді Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 6-52-15 «Шұғыл желі» телефонына жіберулеріңізді сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 06.09


2017-09-06 12:15:37

Сондай-ақ оқыңыз