Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Тағамдық биологиялық белсенді қоспаның сапасы мен қауіпсіздігі (ББҚ)

  «ББҚ» түсінігі біздің өмірімізге ерте еніп қалған. Негізі еліміздің әр тұрғыны тым болмағанда өмірінде бір мәрте аурудың әр түрінен осы әдісті қолданған.  Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (нутрицевтиктер мен парафармацевтиктер) — бұл биологиялық белсенді заттың табиғи немесе концентратты қосындысы, олар қабылдауға не болмаса тағам өнімі құрамына енгізуге адам рационын белсенді заттармен немесе олардың кешенімен толықтыруға бағытталған қоспалар. Тағамдық биологиялық белсенді қоспаларды сұйық, табиғи немесе минералды шикізаттан алады,  сонымен қатар химиялық немесе  биотехнологиялық әдістермен. Оларға ферментті және бактериалды препараттар жатады (эубиотиктер), олар асқазан-ішек ағзасына реттеуші әрекет етеді. 

  Санитариялық ережелерге сәйкес, Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар жарнамасы ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің 2016 жылғы 24 шілдедегі №284 бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың қатты ықпал ететін, есірткі құрамды, және улы заттары болмауы тиіс, сонымен қатар медициналық тәжірибеде және тамақтануда қолданылмайтын жасанды шикізаттан жасалмауы тиіс. 

  Есіңізге саламыз, Тағамдық Биологиялық белсенді қоспалар — дәрілік зат емес
 ББҚ жиі пайдаланушылар олардың құрамында химиялық заттар жоқ деп айтады, олардан зиян жоқ деп ойлайды. Себебі, тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (витаминдер, микро- және макроэле­менттер, тағамдық ферменттер, ақуыздар, майлар, көмірсулар және т.б.) жасанды, жануарлардың, минералды шикізаттан, ара өнімдерінен, теңіз өнімдерінен алады. Сирек ретте оларды табиғи заттардан алады. Дәріханаларда қоспалар экстракттармен, қоймалармен, шайлармен, шәрбаттармен, дәрілермен, эмульсиялармен, капсулалармен ұсынылады. Сонымен қатар, көптеген ББҚ— көне шығыс медицинасының рецептілерінің заманға сай әдістері қолданылған.

  Бірақ та, биоқоспалар — дәрі емес! Оларды тек қана, иммунитті күшейту, алмасу процесстерін реттеу, сауықтыруды тездету үшін қолданылады. Мысалға, ББҚ— нутрицевтиктер — емдік тамақтану үшін, парафар­мацевтиктер — негізгі дәрілерге қосалқы ретінде, эубиотиктер —ас қорытуға жақсы әсер етіп, ішек микрофлорасының жұмысын жақсартады, сонымен бірге ағзаны бактериялар мен вирустардан қорғайды.

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы уәкілетті орган ретінде  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабының  1 пунктінің 22-1) п. негізінде, Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ББҚ жарнамасына күн сайын мониторинг жүргізіледі.

Тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы төмендегі ақпарат болады:

      1) саудалық атауы;
      2) құрамына енетін белсенді компоненттер жайлы мәліметтер;
      3) қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер;
      4) қолдану әдісі мен дозалары;
      5) негізгі жағымсыз әсері;
      6) негізгі қарсы көрсетілімдер;
      7) балалар, жүкті әйелдер, немесе бала емізу кезіндегі негізгі көрсеткіштер;

      8) босатылу шарттары;
      9) қолдану бойынша нақты және түсінікті ұсыныстар;
      10) Қазақстан Республикасында шығаруға уәкілетті тұлғаның аты, мекен-жайы;

      11) мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті беру күні, нөмірі.

Теле- радиоарналарға, интернет-ресурстарға бағытталған жарнаманың ішінде төмендегі ақпарат болмауы тиіс:
      1) Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одақта тіркелмеген биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы;

      2) биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасын қоғамдық көліктерде, қолдану мен жіберуге қатысы жоқ ұйымдарда тарату мен орналастыруға; 

      3) биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасында ең тиімді және қауіпсіз деп ұсынуға;

      4) жарнама жасалған биологиялық белсенді қоспаларды қолдану тиімділігі кепілді болып табылатыны, және оларды қолдану ешқандай қауіп төндірмейтінін жарнамалауға; 

     Биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасында осы нысан дәрілік зат болып саналмайтынын атап көрсеткен жөн. 

Ақсу қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы

 

 

 

 

 

2017 ж 25.08


2017-08-25 09:18:10

Сондай-ақ оқыңыз