Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Коронавирусты инфекция

  Коронавирусты инфекция – тыныс алу мүшелері жолдарының жіті вирусты ауруы, жиі ретте ринит немесе гастроэнтерит түріндегі АІЖ түрінде кездеседі.

Коронавирус алғаш рет өткен жүз жылдықта ринитпен науқастанған адамнан, ал бірнеше жылдан соң гастроэнтеритпен сырқаттанған адамдардан анықталды. Коронавирусты инфекция негізінде ағымы жеңіл өтеді, бірақ сирек ретте өкпе аппаратының зақымдануымен пневмония дамуымен күрделенуі мүмкін.
Коронавирусты инфекция негізінде ЖРВЖ 10% пайызын құрайды. Ауру ауа-тамшылы және қатынасты жолмен беріледі, тұмау синдромы түрінде өтіп, асқынған жағдайларда тұрақты респираторлы жетіспеушіліктің құрылуымен аяқталады. Коронавирусты пневмониядан өлім жағдайлары 10-15% құрайды.

  Инфекция көзі — ауру адам немесе реконвалесцент. Берілу механизмі — аэрозольді фекальді-оральды, олар ауа-тамшылы және тығыз қатынасты жолдармен дамиды. Вирустар науқаспен ішкі ортаға жөтелу, сөйлесу және түшкіру кезінде бөлінеді.
Вирусқа ықпал ету жоғары дәрежеде, әсіресе мектепке дейінгі жастағы балаларда. Ересектердің көбісінде қан құрамында короновирустарға антителлалар бар. Оларда ауру жеңіл түрде өтеді, клиникалық белгілермен сәл көрінеді.
  Сырқаттанушылық тұқым қуалаушылыққа ие. Спорадиялық жағдайлар мен эпидемиялық індеттер айқындалады. Көбінде балалар мен жасөспірімдер ауырады. Ересектерде ауру көбінесе төмен белгілермен және тіпті белгісіз де өтеді. Респираторлы зақымдануларға маусымдылық тән, ол қысқы және көктемгі айларда болады. Тек қана АІЖ індеттерімен ғана білінетін ауру жағдайлары көп кездеседі, ол негізінде балалар мен ауруханалар мен балалар мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналдарында кездеседі.
Аурудан соң типоспецифиялық иммунитет қалыптасады. Антителлалар синтезі қайта зарарланудан қорғамайды. Аурудың маусымдылығы қыс мезгілінде болады. Респираторлы зақымданулардың көп реттілігі қыс-көктем аралығына келеді.
Аурудан сауығу жағымды түрінде өтеді. Асқынған жағдайларда әлсіз науқастарда ауыр асқынулар дамиды:
Пневмония — коронавирусты инфекцияның ең ауыр және қауіпті асқынуы. Ауру адамдарда қалтырау, жөтел, өкпенің инфекциялық зақымдануының басқа да белгілері пайда болады.
Бронхит — бронхылардың бактериалды қабынуы, ол құрғақ немесе ылғалды жөтелмен көрінеді.
Синуситтер бактериалды инфекцияның қосылуы негізінде дамиды. Науқастарда ұдайы түрде мұрны бітеледі, басы ауырады, дене қызуы көтеріледі, мұрыннан бөлінетін сұйықтық іріңді болады.
Короновирусты инфекцияның алдын алу:
қол гигиенасына назар аудару – оларды сабынмен және антисептикпен жуу;
жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, әсіресе маусымдық аралықтарда аурушаңдық кезінде;
жайларды желдетіп отыру, үйде және жұмыс кабинетінде ұдайы жинау жұмыстарын атқару;
инфекцияны тасымалдаушылармен қатынастан бас тарту, соның ішінде эпидемия кезінде адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту;
азық-түліктерді жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізу (вирус 56 °С температурада өледі);
эндемиялық елдерге барудан бас тарту (жақын Шығыс елдері).

 

 

 

 

 

2017 ж 14.08


2017-08-14 18:08:47

Сондай-ақ оқыңыз