Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Дизентерияның алдын алу

 

Дизентерияның алдын алу

    Фекалді-оралді жолмен таралатын жіті ішек инфекциясы дизентерия деп аталады. Бұл ауру түріне жалпы интоксикация және диарея белгілері тән. Сырқаттанушылықтың қоздырғышы - шигелла (Shigella) бактериялары кеңінен таралған.
Аурудың негізгі көзі белгісіз тасымалдаушы немесе науқас адам болып табылады. Дизентерияның өшірілген немесе жеңіл формасы бар науқастар, сондай-ақ қоғамдық тамақтану мекемелерінде және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдар эпидемиологиялық қауіп төндіреді.
  Қоздырғыш жұқтырылғаннан кейін тасымалдаушының немесе науқас адамның ағзасынан 10 күн ішінде бөлінеді. Содан соң сауығу кезеңі басталады, ол кезде ауру тудыратын микроағзалардың бөлінуі мүмкін (осылайша, жеке жағдайда бірнеше ай бойы жалғасуы мүмкін).
Тамақ және сүт кәсіпорындарында аса қауіпті жұғу көзі адам болып табылады. сондықтан жұмысқа қабылдау кезінде зертханалық диагностика жүргізілуі тиіс. Одан әрі жұмыс жасау барысында тексеруді жоспарлы түрде өтуі тиіс.
  Адамның дизентерияның қоздырғыштарымен негізгі жұқтырылу жолы – фекалді-оралді. Жиі микроағзалар адамның ішегіне қолда қалатын, жуылмаған көкөністердегі, жемістердегі, аскөк пен жидектердегі ласпен бірге енеді. Сирек жағдайда тікелей жұғу жолы да болуы мүмкін. Шигеллезді лас қолдың ауруы деп атау да жайдан емес, сондықтан кішкентай жастағы балаларда дизентерия жиі байқалады.
Дизентерияны ескерту шаралары өте қарапайым және жеке гигиена ережелерін сақтаудан тұрады. Базардан немесе супермаркеттен сатып алынған аскөк, жемістер, көкөністер пайдаланар алдында міндетті түрде ағынды суда мұқият жуылуы тиіс. Суды табиғи су қоймаларынан пайдалануға қатаң тыйым салынады. Егер үйіңіздегі краныңыздан аққан құбыр судың тазалығы күмән тудырса, қолданар алдында оны қайнатқан жөн.
  Дизентериямен ауырып шыққан адамда біраз уақытқа оған иммунитеті пайда болады. Бірақ бұл иммунитет өте әлсіз және ұзаққа бармайды, бұл жағдайда адам сауыққаннан кейін ауру екі аптадан кейін қайта жұғуы мүмкін.
   Осылайша, дизентерия өте зұлым ауру. Бірақ оның алдын алуға әркімнің мүмкіндігі бар. Жеке гигиена ережелеріне немқұрайлы қарамаңыз, өзіңізге және өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз, сонда ғана Сіз осы жағымсыз ауруға шалдықпайсыз.

 

 

 

 

2017 ж 08.03


2017-08-03 15:21:35

Сондай-ақ оқыңыз