Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Республикамызда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары


Республикамызда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары.

   ТМД елдерінде қызылша ауруымен ауыру жағдайлары асқынуда. ProMED деректері бойынша 2017жылғы сәуірден бастап Одесса қаласында (Украина) тұрғындар арасында қызылша ауруының 90 жағдайы тіркелген. Инфекцияның өсуінің себебі ұзақ уақыт бойы екпенің болмауы және ата-аналардың екпе жасатудан бас тартуларынан өсіп отыр.
Қызылшаның от алуы Тәжікстанда тіркелген, ауру жағдайлары 345-ке дейін жеткен, Рудаки ауданы, Душанбе қаласы және оның маңайларында аурулар тіркелген. Қызылшамен ауырғандар арасында 1 ден 9 жасқа дейінгі балалар және қызылшаға қарсы екпе жасамағандар саны 84% құрады.
Еуропа елі, АҚШ, Канада, ОАР, Судан, Пакистан және т.б. қызылшаға қолайсыз болып тұр.
Апта сайынғы мониторинг деректері бойынша 2017жылы Қазақстан Республикасының аймағында қызылшаға күдіктенумен 20 жағдай тіркелді, республикамыздың 6 өңірінде (Алматы, Оңтүстік      Қазақстан, қарағанды, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Астана қалалары), зертханалық расталған 1 жағдай. Ақсу қаласы және ауылдық аймақтары бойынша 2017жылы қызылша ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
Қызылша дегеніміз не? Қызылша – қоздырғышы вирус болып келетін, төтенше контагиозды (қауіпті) жұқпалы ауру. Екпемен ескертілетін басқа жұқпалы ауруларға қарағанда көптеген балалардың қайтыс болуларымен жыл сайын әлемде қызылшаның миллиондаған ауру жағдайлары тіркеледі. Қызылша жоғарғы контагиозды ауру болғандықтан эпидемия үлгісінде пайда болады.
Қызылша ауруы қарай таралады? Қызылша ауа тамшылары арқылы таралады. Қызылшамен ауыратын адамда ауру белгілері басталғанда бірнеше күн бойы сау адамдарға ауруды жұқтырулары мүмкін. Балалар топталған орындарда қызылша тез таралады, мысалы: мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер және медициналық мекемелер.
    Қызылшаның симптомдары мен белгілері қандай? Аурудың бірінші белгісі бірнеше күнге созылатын дене қызуының көтерілуі. Ауруды жұқтырғаннан кейін 10-12 күн өткен соң дене қызуы көтеріле бастайды. Осы кезеңде аурудың мұрны бітіп, жөтел пайда болады, көзі қызарып жасаурайды жақтың ішкі бөлігінде ақшыл дақтар пайда болады. Бірнеше күннен кейін мойынның жоғарғы жағында және беттерінде бөртпелер пайда болады. Үш күннен кейін бөртпелер денеге сосын қол мен аяққа тарайды. Бөртпелер 5-6 күндей сақталады. Ауруды жұқтырғаннан бөртпелердің пайда болу аралығы 14 күн, 7-18 күнге дейін де болуы мүмкін.
Асқыну жағдайлары қандай болады? Екпе жасалмаған 5-қа дейінгі балалар және жаңа туған сәбилер қызылшаны жұқтырудың жоғары тобына жатады. Оларда жиі ауыр асқыну дамиды, өліммен аяқталулары мүмкін. Ауру жұқтырған балаларда іш өтіп, құлақтары ауырады және тыныс алу жолдары ауырлайды. Пневмония қызылшамен байланыстағы өлімге әкелетін негізгі себеп. Кейбір жағдайда қызылша нәтижесінен кейін энцефалит пайда болуы мүмкін. Қызылшаның ауыр жағдайлары тамақты тоя жемеген балаларда дамиды, әсіресе «А» дәрумені жетіспеушіліктерде және ЖҚТБ/АИТВ немесе басқа ауыр аурулардағы әлсіз иммунды жүйе нәтижесінде.
      Қызылшамен ауырған балалар өмір бойы спецификалық иммунитетті сақтап қалады.
Қызылшаны қалай емдейді? Қызылшаны жұқтырған ауру адам құнарлы тамақ ішу керек. Антибиотиктерді құлақтын қабынуын емдеуге және ауыр тыныс алу жолдарын емдеуге қолданады. «А» дәруменін 24 сағат ішінде екі доза қабылдау керек диагноз қойылғаннан кейін. «А» дәрумені көзге шынайы зақым келуінен қорғайды.
Қызылшадан қалай қорғану қажет? Қызылшаға қарсы екпе ауруды алдын алуға ең тиімді әдіс. Қызылша жұқпалы ауру. Қызылша аурумен байланыста болған, екпе жасалмаған барлық балалар ауруды жұқтырады. Баланы қызылша ауруынан қорғау үшін, қызылшаға қарсы екпенің екі дозасын жасау қажет. Бірінші дозасы 1 жаста, екінші дозасы 6 жаста жасалады мектепке барар уақытта. Егерде қызылшамен ауырған балалардың арасында 1 жасқа дейінгі балалар құраса, ерте жастан бастап жоспардан тыс екпе жасауға болады (5 тен 11айға дейін). Осындай жағдайда жоспарлы екпені балалар 1 жасында алады.
Қызылшаға қарсы екпе аралас вакцинамен жасалады- оның құрамына қызылша вирусының, қызамық және эпидемиялық паротиттің әлсіз штамдары енеді. Аталған вакцинаны балаларға Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес қолдану қажет.

 

 

 

 

 

 

2017 ж 06.02


2017-06-02 16:50:27

Сондай-ақ оқыңыз