Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «ТҮКШ саласындағы проблемалық сұрақтар туралы» дөңгелек үстел өткізілді.

   сес

 Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «ТҮКШ саласындағы проблемалық сұрақтар туралы»  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысында «Ақсу қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ» ММ,  «Кәсіпкерлер Палатасы» филиалы, «Нұр-Отан» партиясының Ақсу қалалық филиалы, «Теплосервис» КММ, «Ақсу су арнасы» КММ өкілдері, ПИК төрағалары қатысты.

 Дөңгелек үстелді өткізу барысында келесі сұрақтар қаралып талқыланды:

–   жертөле ғимарттарының жағдайлары.

–   тұрғын үй және басқа да мекемелердің іргелес маңайларын абаттандыру.

–   дератизация және дезинсекцияны ұйымдастырып жүргізу.

   Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты ТҮКШ саласындағы проблемалық сұрақтарды анықтау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы бұзушылықтарын болдырмау.

     Проблемалық сұрақтарды шешу үшін ТҮКШ (ПИК) саласындағы проблемалық мәселелерді орындарда шешуде пәрменді қолдау көрсететін, әкімдік атынан, жергілікті мемлекеттік органдармен өзара байланыста болу қажет.

            Дөңгелек үстелді өткізгенде қорытындылай келе отырып, мынадай ұсыныстар енгізілді:

–   тұрғындардың арасында ТҮКШ объектілері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету құқықтары туралы қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, БАҚ жариялануымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.

–   су басқан жертөле ғимараттарының жағдайларына дәйекті талдау жүргізу, су басу себептерін анықтау.

–   жергілікті атқарушы органдарды су басқан жертөлелердің жағдайлары туралы ақпараттандыру, су басудың себебін анықтау және жертөлелерге дезинсекция жүргізу туралы мәселелерді шешуге қаржылай көмек беру.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар барлық мемлекеттік органдармен бірлесе атқарылатын жұмыстың жемісін көруді тіледі.

 

  Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 05.23

 

 

 


2017-05-23 18:00:26

Сондай-ақ оқыңыз