Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Балалар мен жасөспірімдерге жазғы демалысты ұйымдастыру»

   Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «2017жылғы жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдерге сауықтыру және демалыс ұйымдастыру туралы» семинар-кеңеске қатысты. Семинар-кеңесте білім беру бөлімінің, денсаулық сақтау, ІІБ, ТЖБ, құтқару қызметінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында келесі сұрақтар қаралып талқыланды:
- «Балалар мен жасөспірімдерге жазғы демалысты ұйымдастыру».
- «Балаларға жазғы сауықтыру демалысты ұйымдастырып жүргізу барысында тамақтан улану, жіті ішек ауруларын алдын алу шаралары туралы».
- «Жарақат алған жағдайда бірінші медициналық көмек көрсету».
- «Суға түсу ережелері, судан зардап шеккендерге бірінші көмек көрсету туралы».
- «Жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулу жағдайлары туралы».
Семинар-кеңестің негізгі бағыты балаларды 100% жазғы демалыспен қамтамасыз ету, балалар денсаулығын нығайту, әлеуметтік факторлардың әсерін төмендету, тамақтан улану және жұқпалы аурулардың ошағын болдырмау.
Семинар-кеңестің соңында қатысушылар барлық мемлекеттік органдармен бірлесе жұмысты жемісті атқаруға тілек білдірді.

 

 

 

 

 

2017 ж 05.23


2017-05-23 16:22:01

Сондай-ақ оқыңыз