Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

                                                                                           «Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы».

     2017жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚР Заңы күшіне енді (бұдан әрі Заң), осыған сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексінің 7-1, 21-1 және 62 баптарына түзетулер енгізілді, нақты айтқанда:

  • 7-1 баптың 24 тармағы «жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу»- алынып тасталды;
  • 21-1 баптың 1 тармағы, 2) тармақшасы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды»- алынып тасталды;
  • 62 бап, 3 тармақ. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді,санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеу бөлігі - санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдарымен жүргізіледі» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚазақстанРеспубликасының Заңында көрсетілген, мұнда:
  •   Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы:

      1) эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекітуге жататын қала құрылысы жобалары бойынша жүргізіледі.

2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бап 3-1 тармақпен толықтырылған.

      3-1. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

      Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдары жүргізеді. Нақты айтқанда, қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау бойынша жобалар және нормативтік құжаттамалар, санитариялық қорғау аймағы, шикізат және өнімге жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 24.04. 


2017-04-24 12:38:58

Сондай-ақ оқыңыз