Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Масалармен күрес.

  Масалар мезгілі де келді. Бұл мәселе әсіресе Ертіс өзені бойында орналасқан Павлодар қаласы және аудандарының тұрғындарына өзекті болып тұр.

Павлодарлық Ертіс өңірі жәндіктердің жаппай таралып мекендейтін ауданға жатады. Көктемгі су тасу кезеңінде көптеген алқаптарды су басады, осы кезеңде үлкен кеңістік орын алып, шіркейлер мен масалардың дәрнәсілдерін басуға қолайлы болып келеді. Көптеген ұсақ жақсы жылынған су айдындары (тамаша орындар) масалардың жетіліп ұшуларына қолайлы мекендер болып келеді.
  Шыбын-шіркейлердің қауіптілігі олар адамдарға ауыр вирусты және паразитарлы аурулардың қоздырғыштарын таратулары мүмкін.
Масалар Зика қызбасы, Денге қызбасы, Конго- Крым геморрагиялық қызбасы, безгек және т.б. трансмиссивті ауруларды таратушы болып келеді.Трансмиссивті аурулар адамдардың денсаулығының нашарлауларының және өлімге әкеп соқтыратынның себебі болып келеді, экономикалық дамуға елеулі кедергілер болып, осы аурудың ықпалына ұшыраған адамдарға экономикалық қыйындықтарды туғызады.
  Шыбын-шіркейлердің ветеринарлық маңызы және жаппай зиянды қансорғыштар және жануарлардың жұқпалы аурулар қатарын таратушылары болып келеді (туляремия, күйдіргі, сарып, анаплазмоз және т.б.) және инвазиялық аурулар қоздырғыштарының биологиялық иелерін (ірі қара мал және иттегі бабезиоза, жылқы пироплазмозасы, ірі қара мал және жылқы онхоцеркоза және сетариозасы, ит дирофиляриозасы).
Маса шаққан уақытта денеге улы сілекейді енгізеді, шаққан жер қызары, ісінеді, қышиды, кейбір жағдайда ауыр аллаергиялық реакцияларды берулері мүмкін, нақты айтқанда сілекеймен жұқпалы аурулар беріледі.
Орта шамамен бір маса 1-3 ай ғана өмір сүреді, жаз бойы. Ал, дымқыл, су басқан жертөлелердегі қалалық масалар жыл бойы өмір сүреді. Масаның бірнеше жүз метр қашықтықты еңсеруге қабілеті бар 100-150 км (желге).
Инфекция таратушылармен күрес, тұрғындарды қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудағы әдістердің бірі болып келеді.
Сәуір айынан бастап Ақсу қаласында масалардың дамуына фенологиялық бақылау жүргізілуде. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, бірінші өңдеу жұмыстары сәуір айының аяғында жүргізіледі.   Тасқын су жайылмасы тартылғаннан айдынсуларға авиаөңдеулер жүргізіледі. Ақсу қаласы Белая өзенінің жағасында және жайылмаға жақын орналасқаның ескере отыра, қанатты масалармен күресудегі негізгі жолдамалар, өңдеу жүргізілмейтін аймақтардан масалардың ұшып келулерін болдырмау үшін, мамыр айы аяғында өңдеу жұмыстарын жүргізу.
Масалармен күресу масаларды толық жою үшін емес, олардың сандарын азайту үшін жолданған бағыт екенің еске салғанымыз жөн. Масалар -ол: атмосфера, су режимі және топырақ және микроорганизмдар мен жәндіктер барлық маңызы бар биоценоз жүйесінің звеносы. Бір звеноны алып тастасақ- қалғандары зардап шегулері мүмкін.
  Саяжайлықтарға айтарымыз, сіздердің саяжайларыңыздардағы су құйылған бактар, бөшкелер баяғыда масалардың көбеюіне арналған инкубаторға айналып кеткен. Сіздердің су құйғын ыдыстарыңыздағы «бастар»- ол маса дәрнәсілдері. Сіздің учаскеңізде немесе саябақтарыңызда маса болмағаның егерде қаламасаңыз, онда өзіңіздің учаскеңізде маса дәрнәсілдерімен күресудің бірнеше әдістері бар:
учаскеңізде су құйылған ыдыс болған жағдайда, оның бетін жауып қойыңыз;
су құйылған ыдысты таза ұстаңыз;
су құйылған ыдысты 4 күнде 1 рет ауыстырып отырыңыз;
Маса дәрнәсілдері егерде пайда болған жағдайда – су бетінде пленка болулары үшін бірнеше тамшы мұңай өнімін тамшылағаңыз жөн (мазут, машина майы және т.б.), нәтижесінде маса дәрнәсілдері тұңшығып қалады.
Ғимараттарға масалардың ұшып келулерін болдырмау үшін есік, терезелерде сетка ілулері тиіс. Репеленттерді, электрфумигаторларды қолдануға кеңес беріледі.

Ақсу қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.04


2017-04-24 08:12:34

Сондай-ақ оқыңыз