Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Вакцинациялау – жұқпалы ауруларды алдын алудағы мемлекеттік саясат»

  Өз баласына екпе жасату қажет немесе қажет емес екені бойынша әр ата-ананың алдында таңдау тұрады. Вакцинациялау – жұқпалы ауруларды алдын алудағы немесе оқшаулау, жоюдағы мемлекеттік саясат. Екпе салудың мерзімі және атауы Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіліп, «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысына сәйкес жүргізіледі. 21 жұқпалы ауруларға қарсы Ұлттық екпе тізбесіне сәйкес, тұрғындарға екпе тегін жасалады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелу процедурасына өтілген, Қазақстанда тұрғындарды иммундауда вакциналарды қолданады. Мемлекеттік тіркеу процедурасы - күрделі көп кезеңді үдеріс және заманауи  қондырғылармен жабдықталған Республикалық иммундыбиологиялық зертханасында вакцинаның сапасы бойынша зертханалық бақылауды өзіне енгізеді. Екпенің қауіпсіздігі және тиімділігін анықтау үшін анализ жүргізіледі, құрамындағы заттарға тұрақтылығына, сезімталдығына және т.б. баға беріледі. Тіркелген вакциналар үшін өндіруші-елдер туралы мемлекеттік тіркеудің болуы, сондай-ақ өндіруші-елдер және басқа елдердерде клиникалық қолдану бойынша деректердің болуы талап етіледі. Вакциналарды қолданған нәтижеден кейін ауру деңгейлерінің төмендеулері бойынша, вакциналардың сапасын растау эпидемиологиялық тиімділігі жағынан да талап етіледі. Балаларды кепілдік сапа берілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өндірісі сертификатталған вакциналар сатып алынады. Құрамына денсаулық сақтаудың әр-түрлі саласындағы ғалымдарды енгізілуімен, жаңа және қолданатын вакциналардың тиімділігі, вакциналарды қолдануда халықаралық тәжірибені пайдаланатын, Қазақстанда иммундау бойынша Ұлттық консультативтік комитеті құрылып, негізінде вакциналардың тиімділігі және қауіпсіздігі бойынша Ұлттық екпе күнтізбесіне жетілдіру үшін мемлекеттік органға ұсыныстар береді.
  Профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімі кездейсоқ қойылған емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мұқият зерттелген және ұсынылған, ғылыми деректермен негізделген. Мысалы: аналық антиденелер баланың ағзасында аз ғана уақытта сақталып беріледі: дифтерияға қарсы 2-3 айда, қызылшаға қарсы 6 айға дейін,туберкулезге немесе «В» гепатитіне қарсы бала толық қорғансыз болып туылады. Вакцинацияның мерзімі анықталғанда осы негіздемелер ескеріледі. Осыған орай, бала туберкулез немесе «В» гепатитіне қарсы екпелерді алғашқы күндері туған күндері ала бастайды, дифтерияға қарсы 2-3 айдан соң. Қазіргі уақытта Қазақстан бір препарат дозасында құрамында бірнеше антигендер бар аралас вакцина түріне көшкен.   Аралас вакциналар инъекция саның азайтуға, екпеге деген жалпы реакциялар жиілігін төмендетуге және бірнеше инфекцияға қарсы иммуниттетің қалыптасуын көрсетеді. Осындай вакциналар қымбат тұрғандықтан, барлық елдер аралас вакциналарды қолдануларына мүмкіндіктері жоқ. Заманауи аралас вакциналардың негізгі өндірушілері еуропалық елдер (Франция, Ұлыбритания, Бельгия).
 "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 156 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге құқылы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар және Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы. Профилактикалық екпені енгізу алдында медициналық қызметкерімен егілетін адамды қарап-тексерулер жүргізіледі. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе туралы екпе әсерлері, олардан бас тарту салдарларынан кейінгі жағдайлар, вакцинадан кейінгі әсерлері туралы толық және объективті ақпараттар береді. Жазбаша түрде берілген келісім немесе бас тарту профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады. Нақты адамды жеке қорғайтын әрбір жеке тұлғада өз иммунитеті қалыптасады. Ұжымдық (популяционды) иммунитет құру бұл маңызды сұрақ. Ұжымдық (популяционды) иммунитет - инфекцияның таралу қаупін төмендету үшін және жұқпалардың таралуының бір адамнан басқа адамға жұғуларынан қорғайтын, жұқпалы ауруларға қарсы тұратын, белгілі бір топтағы адамдарды екпемен қамтамасыз етуде жоғарғы дәрежені көрсететін (күнтізбелік жастағы тұлғалар, қауіпті топтағылар) атайды.
Екпе тек сіздің ғана денсаулығыңыз үшін ғана жүргізілмей, қоғам денсаулықтары үшін де жүргізіледі (ауруды жұқтырған адамдар ауруды таратушы көзі болып басқа адамдарға қауіпін төндіруі мүмкін). Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін иммундалуға жататын тұрғындардың 95 % екпемен қамтамасыз ету деңгейіне жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасы әлемде тұрғындарға вакцинациялау мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін елдер қатарына еніп отыр. Иммундыпрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат ауруды алдын алуға, ал жұқпалы аурулар елге сырттан әкелінген жағдайда оны таратпауға және жоюға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 19.04


2017-04-19 20:16:08

Сондай-ақ оқыңыз