Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Тұмауды алдын алу

 

  Күн суытқан мезгілден бастаптыныс алу жолдарының вирусты аурулары пайда бола бастайды. Олардың арасында кеңінен таралған және ауыр ағысты болып келетін ол тұмау. Тұмау ЖРВИ ішінде эпидемия және пандемия ағысымен ағатын ауыр ауру болып келеді.

2016/2017 жылдардағы эпидемиологиялық кезең бойынша Ақсу өңірінде ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайтұрақты өтті. Ақсу қаласында эпидемиологиялық маусымда 2016жылғы 01 қазан және 2017жылғы мамыр  аралығында 1292 ЖРВИ-дің 1292 жағдайы тіркелген., ауру көрсеткіші 100мың тұрғынға 1780,3 құрады. Тұмаудың 14 жағдайы зертханалық расталған.

   Тұмау- ол тұмау вирусынан пайда болатын тыныс алу жолдарының жіті жұқпалы ауруы.Тұрмыста тұмау деп әр суық тиіп қалған жағдайды атайды., ол дұрыс емес,  тұмауға ұқсас симптомдарды басқа вирустар да қоздыруы мүмкін (аденовирустар, риновирустар және т.б.). Бұл вирустар арқылы пайда болатын симптомдар өте ұқсас келеді. Сондықтан-да, қандай ауру қоздырғышы қандай жағдайдың от алуына себепкер болғаның ауру адамға қарап тұрып айту мүмкін емес. Ауру қоздырғышын анықтап «тұмау» деген диагнозы зертханалық диагностикалық әдістен кейін ғана қойылады.

   ЖРВИ-ді негізгі жұқтыру жолдары – ол ауа тамшылары арқылы. Ауру адам өзін қоршаған айналасында «қауіпті аймақты» құрады (қақырық, сілекей және т.б.) адам жөтелген уақытта, сөйлегенде, түшкіргенде ауруды тұрмыстық заттар арқылы да жұқтыруына болады. Вирустары бар ауада тыныс алған жағдайда адам ауруды жұқтыруы мүмкін.

Аурудың басталуы басындағы сипаттамасы, 39 градуқа дейін және одан да жоғары дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітуі, жөтел, түшкіру, тамақтың жыбырлауы, қалтырау, бастың ауруы, арқа, аяқ-қол бұлшық еттерінің ауруы пайда болады. Тұмаудың ең басты қауіптісі аурудың асқынуы, тыныс алу жолдарын және бүйрек, жүрек-қан тамырлары жүйесін зақымдауы мүмкін.

Антибактериалды препараттарды құруда заманауи ғылымдар жетістіктерге қол жеткізсе, вирусты инфекциялармен күресуде мұндай жетістіктер әлі жоқ. Сондықтан-да, басты мақсатымыз инфекцияның сау адамның ағзасына таралуын, енуін болдырмау қажет және алдын алу шараларын жүргізу.

Тұмауды алдын алу барысында оң нәтиже беретін профилактикалық екпені жүргізу. Басқа екпелерге қарағанда тұмауға қарсы екпені жыл сайын жүргізіп отыру қажет. Ол вирустың өзгеруіне байланысты. Аурумен бір рет ауырған соң, бұл инфекция бойынша өмір бойы иммунитетті ала алмайсыз.

  Жыл сайын жергілікті бюджеттен екпе жүргізу үшін вакцина бөлінеді, бірінші кезекте, «қауіпті топтағы» адамдар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер, қарттар, әлеуметтік және білім беру, халыққа қызмет көрсету салаларының қызметкерлері, асқынған ауруларымен диспансерлік есепте тұрғандар.

Тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуын болдырмау мақсатында ДДҰ бағасы бойынша тұрғындардың 10% иммундаумен қамтамасыз ету қажет. Қажетті иммудаумен қамтамасыз ету жетістігіне жету үшін, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат аз, сондықтанда, ұйымдасқан ұжым, ірі кәсіпорын, мекемелердің басшылары жұмыс берушінің есебінен өз қызметкерлерінің екпе алуларын ұйымдастырып жүргізу сұрағын қараулары қажет.

    10 жылдан астам уақыт бойы Ақсу ферроқорытпа зауыты өз жұмыскерлеріне екпе жүргізу бойынша вакциналарды сатып алуда, өз кәсіпорындарында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етуде.

Есте сақтаңыз, ауруды алдын алудың ең тиімді әдісі – эпидемиологиялық кезең басталмай тұрып тұмауға қарсы екпе алу!.

 

 

 

 

 

2017 ж 22.09


2015-06-17 12:42:52

Сондай-ақ оқыңыз